Сайт бойынша ескертулер мен тілектерді site@abekp.kz мекен-жайына жолдаңыздар
Сайттың құрметті қонақтары! Әр аптаның сәрсенбі күндері аумақтық бөлімшелерінің басшылары кәсіпкерлермен кездесу өткізеді

RSS-жазылу

БАҚ Агенттік туралы

Жемқорлықты жою амалдары сөз етілді

Александр Тасболатов
"Егемен Қазақстан" газеті, 26.11.11


Еліміз нарықтық экономикаға өткелі бері заңды тұлғалармен бүркемеленген эконо­микалық қылмыстар жиі орын ала бастады. Оған қоса кәсіпкерлік қызметті ба­қылаушы органдардың лауазымды тұлғалары тарапынан бизнес ісіне заңсыз араласу деректері көбейіп кетті. Ал мұндай қаптаған коррупциядан құтылудың амалы қандай? Міне, осы мәселелер халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда сөз болды.
Сыбайластардың сыры ашылды

Қуаныш Бақыт, Шығыс Қазақстан облысы
«Заң газеті», 10.11.11


Шығыс Қазақстан облысы бойынша қаржы полициясы бизнес істеріне заңсыз араласқан бақылаушы органдардың олқылығын әшкереледі. Тиісті шараларды жүргізу барысында сәулет-құрылыс бақылау басқармасындағы лауазымды тұлғалардың кәсіпкерлерден құрылыс-монтаждау жұмыстарына мемлекеттік лицензияны беру және бұрын берілген лицензиялардың мерзімін ұзарту үшін жүйелі түрде пара талап еткені анықталып отыр.
Қаржы полициясы қырағылық танытуда

Елеусіз МҰРАТОВ,
«Заң газеті», 30.10.11


Экономикалық және сыбайлас жемқорлықққа қарсы күрес агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті баспасөз қызметінің таратқан мәліметтеріне құлақ түрсек, биылғы жылдың он айы ішінде 808 қылмыс дерегі анықталған. Құқық қорғау органы өкілдерінің айтуынша, оның 375-і ауыр және аса ауыр қылмыстардың санатына жатады екен. Оларды сипатына қарай жіктесек, кәсіпкерлердің жұмысына заңсыз араласу, бармақ басты, көз қысты жымысқы әрекетке барып, мемлекет қаржысын талан-таражға салу, пара алу секілді қылмыстардың қара-құрасы сол баяғысынша жалына қол тигізбей тұрған көрінеді. Басқасын айтпай-ақ қояйық, есепті кезең ішінде 63 жемқорлық қылмыстың әшкереленіп, 6 лауазымды қызметкердің сот орындығына отырғызылуы талай жайттан хабар берсе керек.
Кәсіпкерлердің құқығы қорғалады

Төрегелді Тұғыр
"Айқын" газеті, 19.10.2011


Елбасының отандық кәсіпкерлікті барынша қолдау туралы тапсырмасы бойынша Қаржы полициясы агенттігі бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін заңсыз араласудан қорғауды өзінің жедел қызметінің басымдығы ретінде бекітті.
Әріптестерін еске алды

Қанат Махамбет, Астана
"Айқын" газеті, 18.10.2011


Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі қызметтік борышын өтеу барысында өмірден озған қаржы полициясының майоры Аймұхамбет Жұмабековті еске алып, дәстүрлі доп додасының ақтық айқасын ұйымдастырды.
Параны алған да, берген де жазаланады

Қайыржан Төрежан, Алматы
"Айқын" газеті, 15.10.2011


Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде «Мемлекеттік органдар тарапынан жүргізілетін заңсыз араласушылықтарды болдырмау жолымен шағын және орта бизнесті қолдау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Ант қабылдады

 Әбдірахман Қыдырбек, Ақмола облысы
"Егемен Қазақстан" газеті, 21.09.2011


Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі болашақ офицерлерінің қатары «Қаржы полициясының қатардағы қызметкері» атағы берілген Қаржы полициясы академиясының тыңдаушыларымен толықпақ. Осыған орай өткен сенбіде аталған академияға биыл қабылданған 125 тыңдаушы салтанатты түрде ант берді.
Жемқор басшы тұтылды

Гүлжан Көшерова, Жамбыл облысы
"Алаш айнасы" газеті, 15.09.2011


Жемқорлықпен қалтасын қампайтып жүргендердің алдын мектеп басшылары бермейтін болды бүгінде. Оған дәлел жетерлік.
25 миллиард теңгені кері қайтарды

Тұрсын Қалимова, Атырау
"Айқын" газеті, 26.08.11


Атыраулық қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері жеті айда анықталған қылмыстар нәтижесінде мемлекетке және азаматтарға 25 миллиард теңгеден астам қаржыны кері қайтарғызып берді.
Ағымдағы жылдың жеті айында Қаржы полициясы департаменті 186 қылмысты анықтап, сотқа 143 қылмыстық істі жеткізген. Осы қылмысқа қатыстылар, өзінің қызметін шектен тыс пайдалану мен сыбайластық пен парақорлыққа барғандар сот алдында жауап берді.
Шенеунік үш жылға қамалды

Ерғали Нәбиұлы
«Алаш айнасы» газеті, 25.08.11


«ҚР Ауылшаруашылық министрлігіне қарасты агроөндірістік кешеніндегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Алтынсарин аудандық аймақаралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бастығы Мэлс Шаймағанбетов ҚР ҚК 311-бабы 2-бөлімі (пара алу) бойынша толығымен айыпты саналып, үш жылға бас бостандығынан айырылды. Сот шешіміне сәйкес, бұрынғы шенеуніктің меншігіндегі мүлкі де тәркіленіп алынатын болды. Енді пара алған лауазымды тұлға жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болды.