Құрметті сайт қонақтары, Сіздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған Салалық бағдарламаға ұсыныстар  programma@abekp.kz мекен–жайы бойынша қабылданады.

RSS-жазылу

Жедел ақпарат

БҚО бойынша департаменті аз.Б. қатысты ҚР ҚК 28-бабы 4-бөлігі және 312-бабы 4-бөлігі «б» тармағы бойынша (пара беру) қылмыстық іс қозғады. Ол Д. есімді азаматқа Орал қаласынан жер телімін алуға көмектесемін деген сылтаумен, оны Орал қаласы Әкімшілігінің лауазымды тұлғасына пара беруге итермелеген. Нәтижесінде соңғының 4,8 млн. теңге көлеміндегі ақша қаражаттарын иемденген.
Павлодар облысы бойынша департаменті сот орындаушылар аз.И. және М. қатысты ҚР ҚК 28-бабы 4-бөлігі, 312-бабы 4-бөлігі бойынша (пара беру) қылмыстық іс қозғады. Олар өз қызмет бабын пайдаланып, У. есімді азаматты Павлодар облысы бойынша Сот әкімшілігінің лауазымды тұлғаларға 30 мың теңге көлемінде пара беруге азғырған.
ОҚО бойынша департаменті жеке кәсіпкер аз.П. қатысты ҚР ҚК-нің 312 бабы 2 бөлігі бойынша (пара беру) қылмыстық іс қозғады. Ол қаржы полициясының инспекторына тергеуге дейінгі тексеру бойынша оң шешім қабылдау үшін 2,5 мың АҚШ долларын пара ретінде беріп жатқан жерінен қаржы полиция қызметкерлерімен ұсталған.
Алматы облысы бойынша департаменті екінші деңгей банкінің лаузымды тұлғасы аз.К. қатысты ҚР ҚК-нің 176 бабы 3 бөлігі «б» тармағы бойынша (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету) қылмыстық іс қозғады. Ол заңсыз банктік операциаларын атқарып, банктің 80 млн. теңге көлеміндегі ақша қаражатын жымқырған.
БҚО бойынша департаменті ЖШС басшыларына қатысты ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігі бойынша (жалған кәсіпкерлік) қылмыстық іс қозғады. Олар кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру ниетінсіз, «Сиони» атты жалған ЖШС-ті тіркеп, мемлекетке салық төлемдерін төлемеу арқылы 106 млн. теңгеге залал келтірген.
Алматы облысы бойынша департаменті ЖШС басшысы аз.Т. қатысты ҚР ҚК-нің 194 бабының 1,2 бөлімдері бойынша (несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану) қылмыстық іс қозғады. Ол  кепілдік мүлік туралы жалған мәліметтерді ұсынып, АҚ-дан несиені алып, оны мақсатсыз пайдаланған. Нәтижесінде, мемлекетке 29 млн. теңгеге залал келтірілген.
Астана қаласы бойынша департаменті аз.К. және З. қатысты ҚР ҚК 192 бабы 2 бөлігі «а,б» тармақтары бойынша (жалған кәсіпкерлік) қылмыстық іс қозғады. Олар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз «ALTYN TRAVEL» атты жалған ЖШС-ін тіркеп, мемлекетке салық төлемдерін төлемеу арқылы 14,6 теңгеге залал келтірген.
БҚО бойынша департаменті ЖШЖК филиалының сервистік компаниясының басшыларына қатысты ҚР ҚК 222-бабы 2-бөлігі бойынша (ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару) қылмыстық іс қозғады. Олар салық декларацияларға бұрмаланған деректерді енгізу жолымен 992,1 млн теңге көлемінде салық төлеуден жалтарған.
ОҚО бойынша департаменті аудандық салық басқармасының бас маманы аз.Б. қатысты ҚР ҚК-нің 311 бабы 2 бөлігі бойынша (пара алу) қылмыстық іс қозғады. Ол С. есімді азаматтан жеке кәсіпкер ретінде тіркеу жөнінде оң шешім қабылдау үшін 18 мың тенге пара алған кезінде қаржы полиция қызметкерлерімен ұсталған.
Алматы қаласы бойынша департаменті аз.А. қатысты ҚР ҚК  312 бабы 4 бөлігі «б» тармағы бойынша (пара беру) қылмыстық іс қозғады. Ол Алматы қ. бойынша ЭСЖҚД лауазымды тұлғасына тексеру шаралары бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тарту үшін 7 мың АҚШ доллар көлеміндегі параны беру үстінде ұсталды.