Құрметті сайт қонақтары, Сіздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған Салалық бағдарламаға ұсыныстар  programma@abekp.kz мекен–жайы бойынша қабылданады.

RSS-жазылу

Жедел ақпарат

ОҚО бойынша департаменті ауылдық округінің әкімі аз.К. қатысты ҚР ҚК-нің 307 бабы 3 бөлігі бойынша (қызмет өкілеттігін теріс пайдалану) қылмыстық іс қозғады. Ол аз.М. үшiн пайда мен артықшылық жасау мақсатында әкімшіліктің арнайы қорынан жер телеміне жекеменшік құқық беретін шешімін заңсыз шығарып беріп, мемлекетке 200 мың теңге көлемінде залал келтірген.
Алматы облысы бойынша департаменті аудандық салық басқармасының бас маманы аз.А. қатысты ҚР ҚК-нің 307 бабының 1 бөлігі бойынша (қызмет өкілеттігін теріс пайдалану) қылмыстық іс қозғады. Ол лауазымын теріс пайдаланып, ШҚ басшысы аз.Т. есімді азаматтан 45 мың теңге ақша қаражатын алып, оған мемлекет алдында зейнетақы жарнасы және әлеуметтік төлемдер бойынша салыққа қарыз еместігі туралы анықтама берген.
Жамбыл облысы бойынша департаменті ауылдық округінің әкімі аз.Ә. қатысты ҚР ҚК-нің 176 бабы 3 бөлігі «г» тармағы (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету) және 314 бабының 1 бөлігі (қызметтік жалғандық жасау) бойынша  қылмыстық іс қозғады. Ол қызмет бабын пайдаланып, ресми құжаттарға көпе көрнеу жалған мәліметтерді енгізіп,өзіне және басқа қызметкерлерге негізсіз көтеріңкі жалақы жазып, сеніп тапсырылған 155,6 мың теңге көлеміндегі бюджеттік қаражатты ысырап еткен.
Алматы облысы бойынша департаменті интернат-мектебінің лауазымды тұлғасы аз.С. қатысты ҚР ҚК 176 бабының 3 бөлігі «б,г» тармағы бойынша (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету) қылмыстық іс қозғады. Ол мектеп ғимаратының жартысын зансыз зандастырып, мемлекетке 879,3 млн.теңгеге залал келтірген.
Қарағанды облысы бойынша департаменті АҚ-ның лауазымды тұлғасы аз.Б. қатысты ҚР ҚК 307 бабының 1 бөлігі бойынша (қызмет өкілеттігін теріс пайдалану) қылмыстық іс қозғады. Ол атқарылған жұмыстар туралы жалған актілеріне заңсыз қол қойып, мемлекетке 111,2 млн.теңгеге залал келтірген.
ШҚО бойынша департаменті аз.Д. қатысты ҚР ҚК 312 бабының 2 бөлігі бойынша (пара беру) қылмыстық іс қозғады. Ол салық басқармасының бас маманына рұқсатсыз заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін әкімшілік жазаға тартпауға 3 мың теңге көлемінде пара берген.
ОҚО бойынша департаменті аз.С. қатысты ҚР ҚК-нің 222 бабы 1 бөлігі бойынша (ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару) қылмыстық іс қозғады. Ол кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз, «Фактор Транзит» ЖШС-ін тіркеп, салық декларациясына кіріс туралы көпе-көрінеу жалған мәліметтерді енгізу арқылы мемлекетке 465 млн. теңге көлемінде салықты төлеуден жалтарған.
Қарағанды облысы бойынша департаменті аз.Ш. қатысты ҚР ҚК 312 бабы 2 бөлігі (пара беру) бойынша қылмыстық іс қозғады. Ол қазыналық мемлекеттік кәсіпорынның (ҚМК) маманы лауазымында жұмыс істей отырып, А. есімді азаматты ҚМК лауазымды тұлғасына мемлекеттік тұрғын-үй қорынан пәтерді жалдау мәселелерін оңды шешу үшін 300 мың теңге пара беруге итермеледі.
Ақтөбе облысы бойынша департаменті ЖШС басшысы аз.С. қатысты ҚР ҚК-нің 222-бабы 1-бөлігі бойынша (ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару) қылмыстық іс қозғады. Ол бюджетке салық төлеумен байланысты декларацияға және өзге де құжаттарға серіктестіктің кірістері және шығыстары туралы көрінеу жалған деректерді еңгізу жолымен 3,4 млн. теңге көлемінде мемлекеттік бюджетке салық төлеуден жалтарған. Нәтижесінде мемлекетке көрсетілген сомаға залал келтірілген.
Атырау облысы бойынша департаменті КМҚК-ның бас есепшісі аз.К. қатысты ҚР ҚК-нің 176-бабының 3-бөлімінің «б,г» тармақтары бойынша (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету) және осы КМҚК-ның кассирі аз.Г. қатысты ҚР ҚК-нің 176-бабының 3-бөлімінің «б» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Олар төрт қызметкерлердің атынан жалған көрінеу қолтаңбаларын қою арқылы 1,4 млн. теңге көлеміндегі еңбекақы қаражатын иеленіп ұрлаған.