Құрметті сайт қонақтары, Сіздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған Салалық бағдарламаға ұсыныстар  programma@abekp.kz мекен–жайы бойынша қабылданады.

RSS-жазылу

Жедел ақпарат

Павлодар облысы бойынша департаменті ЖШС басшысы аз.С. қатысты ҚР ҚК 312 бабының 4 бөлігі «б» тармағы бойынша (пара беру) қылмыстық іс қозғады. Ол екі ЖШС-тың өзара есеп айырысу бойынша салық тексеру тағайындамау мақсатында Павлодар облысы бойынша ЭСЖКД тергеушісіне 5 мың АҚШ доллар көлемінде пара берген.
ОҚО бойынша департаменті ЖШС басшысы аз.Б. қатысты ҚР ҚК-нің 194 бабының 2 бөлігі бойынша (несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану) қылмыстық іс қозғады. Ол жалған құжаттардың негізінде заңсыз мемлекеттік субсидияны алып, мемлекетке 7 млн. теңгеге залал келтірген.

Алматы облысы бойынша департаменті АҚ филиалының аз.С. қатысты ҚР ҚК-нің 176 бабы 3 бөлігі «г» тармағы бойынша (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету) қылмыстық іс қозғады. Ол қайтыс болған тұлғалардың есеп шоттарына заңсыз 1,7 млн. теңге  көлеміндегі ақша қаражатын аударып, түскен ақша қаражатты жымқырып, жеке  бос пайдасына иеленіп алып, АҚ-ға көрсетілген сомаға залал келтірген.
БҚО бойынша департаменті аудандық құрылыс бөлімінің лауазымды тұлғасы аз.Ш. қатысты ҚР ҚК 307-бабы 2-бөлігі бойынша (қызмет өкілеттігін теріс пайдалану) қылмыстық іс қозғады. Ол ауыл ішілік су құбыры құрылысын салу кезінде жасалған жұмыстарды қабылдау туралы жалған актілерге қол қойып, ЖШС-нің есеп шотына 12,4 млн. теңгені заңсыз аударған. Нәтижесінде мемлекетке көрсетілген сомаға залал келтірген.
Астана қаласы бойынша департаменті аз.С. қатысты ҚР ҚК-нің 193 бабы 2 бөлігі «б» тармағы (заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру) бойынша  қылмыстық іс қозғады. Ол заңсыз жолымен табылған ақша қаражатын заңдастыру мақсатымен фирмалардың бірімен бірнеше рет келісім шартқа отырған, сонымен қоса ЖШС-пен ұлескерлік қатысу туралы шартқа отырып, мемлекетке 20,6 млн.теңгеге залал келтірген.
ОҚО бойынша департаменті ЖШС басшысы аз.Б. қатысты ҚР ҚК-нің 222 бабы 1 бөлігі бойынша (ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару) қылмыстық іс қозғады. Ол салық декларациясына кіріс туралы көпе-көрінеу жалған мәліметтерді енгізу арқылы 3,7 млрд. теңге көлеміндегі салықты төлеуден жалтарып, мемлекетке көрсетілген сомаға залал келтірген.
Маңғыстау облысы бойынша департаменті ЖШС басшысы аз.Т. қатысты ҚР ҚК-нің 222 бабы 1 бөлігі бойынша (ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару) қылмыстық іс қозғады. Ол салық декларациясына кіріс туралы көпе-көрінеу жалған мәліметтерді енгізу арқылы 39,9 млн. теңге көлеміндегі салықты төлеуден жалтарып, мемлекетке көрсетілген сомаға залал келтірген.
Павлодар облысы бойынша департаменті Павлодар облысы ІІД жол полиция инспекторы аз.Б. қатысты ҚР ҚК-нің 311 бабы 2 бөлігі бойынша  (пара алу) қылмыстық іс қозғады. Ол жүргізу куәлігін қайтару және әкімшілік жаза қолданбау үшін М. есімді азаматтан 18 мың теңге пара алған.
Жамбыл облысы бойынша департаменті МКҚМ-нің бас дәрігері аз.А., бас дәрігердің орынбасары аз.Т. және осы мекеменің бас бухгалтері аз.М. қатысты ҚР ҚК-нің 176 бабының 3 бөлігінің «б,г» тармақтары бойынша (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету) қылмыстық іс қозғады. Олар басқа адамдарға негізсіз жалақы жазып, өздеріне сеніп тапсырылған 3,3 млн. теңге көлеміндегі ақша қаражатты иемденген.
Алматы облысы бойынша департаменті аудандық құрылыс бөлімінің лауазымды тұлғасы аз.К. және сол бөлімнің бұрынғы лауазымды тұлғасы аз.О. қатысты ҚР ҚК-нің 307 бабының 2 бөлігі бойынша (қызмет өкілеттігін теріс пайдалану) қылмыстық іс қозғады. Олар атқарылған жұмыстар туралы актісіз ЖШС есебіне 179,1 млн. теңге көлемінде ақша аударып, мемлекетке көрсетілген сомаға залал келтірген.