Жаңалықтар
02.02.2012толығырақ »
Соңғы кезде республика бойынша сауда және қызмет көрсету орындары мен екінші деңгейдегі банктерде жалған ақша банкноталарын анықтау фактілері көбейіп кетті.Агенттік және Жамбыл облысы мен Астана қаласы бойынша қаржы полициясы департаменттерінің бірлесіп жүргізіген жедел–іздестіру шаралары нәтижесінде ұзақ уақыт бойы Қазақстан аумағында жалған ақша белгілерін жасау және сатумен айналысқан тұлғалар тобының заңсыз қызметі әшкереленді.
2011 жылғы 2 және 16 қарашада Агенттік қызметкерлері Астана қаласының И. деген азаматшасынан 1,1 млн.теңге және 400 мың теңге сомасында жалған банкноталарды сатып алуды жүзеге асырған.
31.01.2012толығырақ »
Қарасай аудандық ветеринарлық-санитарлық аумақтық инспекциясының бас маманы жүйелі пара алды деген күдікпен ұсталды
2012 жылғы 17 қаңтарда Алматы облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті қызметкерлерімен Мемлекеттік инспекциясы Комитетінің ҚР АШМ агроөндірістік кешені Қарасай аудандық ветеринарлық-санитарлық аумақтық инспекциясының бас маманы Е.Молдағұл мал өнімдерін кедергісіз әкелуге және сатуға ветеринарлық сертификатты беру үшін азаматтардан бопсалау арқылы жүйелі түрде пара алғаны үшін ұсталды.Оған қатысты пара алудың 21 дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ағымдағы жылғы 20 қаңтарда соттың санкциясымен Молдағұл қамауға алынды.
Қылмыстық іс тергелуде, басқа ақпарат тергеудің мүддесіне байланысты жарияланбайды.
30.01.2012толығырақ »
Алаяқтық жолмен кәсіпкерлердің ақшалай қаражатын иемденіп кеткен жалған полицей сотталды 2011 жылғы 2 қазанда Алматы қаласы бойынша қаржы полициясы департаментіне 2011 жылдың маусым айынан бастап кәсіпкерлік қызметке тексерулер жүргізбеу үшін ай сайын 2 мың АҚШ доллары көлемінде қаражат алып тұратын «Жандос» атты құқық қорғау органының қызметкеріне қатысты тиісті шаралар қолдану туралы жеке кәсіпкердің арызы келіп түсті.
25.01.2012толығырақ »
2012 жылғы 12 қаңтарда Қызылорда облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында А. деген азаматтан әкімшілік құқық бұзушылыққа тартпау үшін қорқыту жолымен 50 мын теңге пара алды деген күдікпен Қызылорда облысы бойынша ІІД Жол полициясы басқармасы арнайы взводының аға инспекторы М. Қалданұлы ұсталды
Ағымдағы жылғы 17 қаңтарда аталған қылмысты жасаған деген күдікпен Қызылорда облысы бойынша ІІД Жол полициясы басқармасы арнайы взводының тағы бір қызметкері Т. Мырзабеков ұсталды.Ағымдағы жылғы 12 қаңтарда М. Қалданұлы және Т. Мырзабековке қатысты қорқытып алу жолымен пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
2012 жылғы 15 қаңтарда Қалданұлы сот санкциясымен қамауға алынды, Мырзабеков үй қамауында.
Қылмыстық іс тергелуде, тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат әзірге таратылмайды.
23.01.2012толығырақ »
Баспасөз мәлімдемесі: Қаржы полициясы агенттігінің жаңа Төрағасы бизнесті негізсіз тексеруді және мемлекеттік қызметкерлерді шетінен сыбайлас жемқорлық жасады деп айыптауды тоқтатуды талап етті
Бүгін Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) қызметкерлеріне жаңа Төраға – Түсіпбеков Рашид Төлеутайұлы таныстырылды.Р. Түсіпбеков, бәрінен бұрын, Қазақстан Республикасының Президентіне артып отырған жоғары сенімі үшін алғысын білдірді және өзінің барлық білімі мен тәжірибесін жүктелген міндеттерді орындауға жұмсайтынын атап өтті.
21.01.2012толығырақ »
Ағымдағы жылғы 17 қаңтарда Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде (қаржы полициясында) «Ойын бизнесі» тақырыбында Тергеу бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі қаржы полициясының аға лейтенанты А.Госсеннің, сонымен қатар республикалық, жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өткізілді06.01.2012толығырақ »
Ағымдағы жылғы 26 желтоқсанда Атырау облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде (қаржы полициясында) (әрі қарай - Департамент) Жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті
Өткізіліп отырған отырысқа Салық департаменті, «Нұр Отан» ХДП Атырау облыстық филиалы, «Атырау облысының кәсіпкерлері және жұмыс берушілер Одағы» ҚБ, «Атамекен Одағы» Ұлттық экономикалық палатасы Атырау филиалы өкілдері, шағын және орта бизнес субъектілері қатысты. Департамент бастығының орынбасары қаржы полициясының полковнигі Р.С.Төлешов отырысты аша отырып, қатысушыларды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы атаулы мерекемен құттықтап, Қазақстанда жеке кәсіпкерлік маңызды орын алатын табысты әлеуметтік-экономикалық модель қалыптасқанын атап өтті.
06.01.2012толығырақ »
2011 жылғы 30 желтоқсанда Павлодар облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясының) қызметкерлерімен Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Павлодар қалалық Балалар үйіне қажетті құралдар мен ойыншықтарды сатып алуға материалдық көмек көрсеттіАталған шараға балалар үйінің 2 жастан 4 жасқа дейінгі аралықтағы 20 тәрбиеленушісі, сонымен қоса бұл мекеменің жұмыскерлері қатысты.
Балалар үйінің тәрбиешілері балалардың қатысуымен мерекелік бағдарлама бойынша өлеңдер оқыды, әндер орындады және биледі.
05.01.2012толығырақ »
Ағымдағы жылғы 4 қаңтарда Қарағанды облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) заң қызметі бөлімінің бастығы қаржы полициясының майоры І.М.Жұмажанов Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің ұжымы және студенттерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында кездесу өткіздіІ.М.Жұмажанов Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының, Құқықтық саясат тұжырымдамасының, ҚР Үкіметінің бағдарламаларының, «Қазақстан 2030» даму стратегиясының негізгі ережелерін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнаманың нормаларын түсіндірді.
23.12.2011толығырақ »
2011 жылғы 15 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде (қаржы полициясында) (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған мерекелік жиын өтті
Мерекеге қаржы полициясы органдарының ардагерлері, департаменттің жеке құрамы шақырылды. Мерекелік жиынды аша отырып Департамент бастығының орынбасары Ғ. Әбдікешов барлық қатысушыларды Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығымен құттықтап, бұл атаулы күннің Қазақстан халқының өміріндегі мемлекеттілік пен егемендіктің нышаны екендігін, құқықтық және демократиялық қоғамды құрудағы тарихи өзгерістердің бастамасы болғанын атап өтті.














