Сайт бойынша ескертулер мен тілектерді site@abekp.kz мекен-жайына жолдаңыздар
Сайттың құрметті қонақтары! Әр аптаның сәрсенбі күндері аумақтық бөлімшелерінің басшылары кәсіпкерлермен кездесу өткізеді

RSS-жазылу

Тергеу нәтижелері

Астана қаласы Алматы аудандық №2 сотының үкімімен И. Килеев ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігінің «а, б» тармақтары (жалған кәсіпкерлік) бойынша кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеумен 4 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.
С. Зейнуров ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігінің «а,б» тармағы (жалған кәсіпкерлік) бойынша кінәлі деп танылып, шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.
Атырау қалалық №2 сотының үкімімен Б.Жақыпова ҚР ҚК 177-бабы  3-бөлігінің «б» тармағы (алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.
Атырау қалалық №2 сотының үкімімен А. Қалниязов ҚР ҚК 222-бабының 1-бөлігі (ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару) бойынша кінәлі деп танылып, 700 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге сотталды.
Күршім аудандық сотының үкімімен Е. Молжанов ҚР ҚК 307-бабының 2-бөлігі (қызмет өкілеттігін теріс пайдалану), 314-бабының 2-бөлігі (қызметтік жалғандық жасау) бойынша кінәлі деп танылып, шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.  
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық сотының үкімімен В. Сүндетбаев ҚР ҚК 206-бабының 1-бөлігі (жалған ақша дайындау және өткізу) бойынша кінәлі деп танылып, 2 жыл сынақ мерзімімен шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.
Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудандық сотының үкімімен А. Бекназарова ҚР ҚК 176-бабы 3-бөлігінің «б» тармағы (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену және ысырап ету), ҚР ҚК 218-бабы (ҚР бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзу) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл сынақ мерзімімен 5 жылға бас бостандығынан шартты түрде айыруға сотталды. 
Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудандық сотының үкімімен Г.Мұратбекова ҚР ҚК 177-бабы 3-бөлігінің «г» тармағы (алаяқтық), 28-бабының 4-бөлігі, 312-бабының 2-бөлігі (пара беруге азғыру) бойынша кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеумен 5 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.
Ақтау қалалық сотының үкімімен И. Кармазина ҚР ҚК 222-бабының   1-бөлігі (ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару) бойынша кінәлі деп танылып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, шартты түрде 1 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.
Петропавл қалалық сотының үкімімен О. Кисляков ҚР ҚК 177-бабы 3-бөлігінің «б» тармағы (алаяқтық), 348-бабының 1-бөлігі (айғақтарды бұрмалау) бойынша кінәлі деп танылып, шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.
Семей қалалық №2 сотының үкімімен С.Ден ҚР ҚК 28-бабының 5-бөлігі (көмектесуші), 222-бабының 2-бөлігі (ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару) бойынша кінәлі деп танылып, коммерциялық ұйымда басшылық лауазымда болу құқығынан 2 жыл мерзімге айыра отырып, 180 мың теңге мөлшерінде айыппұл салумен 2 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.