Сайт бойынша ескертулер мен тілектерді site@abekp.kz мекен-жайына жолдаңыздар
Сайттың құрметті қонақтары! Әр аптаның сәрсенбі күндері аумақтық бөлімшелерінің басшылары кәсіпкерлермен кездесу өткізеді

RSS-жазылу

Сіздің пікіріңіз

Жөнелту



10.01.2012 № 555
Алматы о. Қарасай а. Қырғауылды ауыл. тұрғындары
21.06.2011 № 502
«Алтын ұя» ҚБ-нің ынталы топ мүшелері
Құрметті Қайрат Пернешұлы!
Біз «Алтын ұя» қоғамдық бірлестігі және «Алтын ұя» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жәбірленушілерінің атынан ынталы топ біріншіден сізге жене сіздің қоластыңыздағы қызметкерлерге, атап айқанда Алматы облысы бойынша қаржы полиция департаментінің бастықтарына оның ішінде біз жәбірленуші болып танылған қылмыстық істі тергеген жедел тергеу іздестіру тобының қызметкерлеріне шын ниетімізбен рахметімізді айтқымыз келіп отыр.
Себебі 2006 жылы Исабаев Сакен есімді азамат «Алтын ұя» қоғамдық бірлестігі жене «Алтын ұя» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрып, осы заңды тұлғалардың атынан арзан бағамен жер телімдерін сатамыз деп 2006- 2008 жылдар аралығында ұйымдасқан қылмыстық топ біз сияқты 200-ден астам адамдарды алдап арзан бағамен жер телімдерін сатамыз деп әр жер телімін сатып алушыны сендіру ушін «Алтын ұя» ҚБ атынан шешім шығарып әр адамнан 4 000 АҚШ долларынан 40 000 АКШ доллары арасында ақша жинап алып біздерді алдап кеткен.
Содан бізге араша болар деп ынталы топ мүшелері Алматы облыстық қаржы полициясына барып арыздарымызды жазып жедел тергеу іздестіру тобын құрып осы болған қылмысты ашып кінәлі азаматтарды заң алдында жауапқа тартуын сұрағанбыз. Біздің сұрауымыз бойынша жедел тергеу іздестіру тобы құрылды, оның құрамына тәжірибелі қызметкерлер - топ жетекшісі Ғ.Қуанышев, жедел іздестіру қызметкерлері Садяев Аскар және Алмасов Ролан. Осы жедел тергеу іздестіру тобының жұмыла істеген жұмыстарының арқасында ұйымдасқан қылмыстық топтың тоғыз мүшесі анықталып олар Қарасай аудандық сотына тапсырылды. Ал осы ұйымдасқан қылмыстық топтың ұйымдастырушысы Исабаев Сакеннің қашып кетуіне байланысты оған катысты іздеу жарияланды.
Сот процессі жургізіліп жатқан кезде бізге қиянат жасаған кінәлі адамдар өздерінің жазасын алуына күмәндана бастадық, себебі сот А.Табынов дені сау Агжігітов Ерғали есімді сотталушыны қорғаушыларының талаптары бойынша сот-психиатриялық сараптама тағайндаган, ол сараптамасының өзі жарты жылдай уакыт алды. Сол кезде біз жәбір шеккен азаматтар кімге барып ақыл сұрап пана таба алмай жүрген кезімізде тергеуші Ғ.Қуанышев бізбен бірге болып «бәрі де жаксы болады, кінәлі адамдар жазасын алады» деп біздің өзі де түсіп жүрген еңсемізді көтеріп жылы сөздер айтып, қайта-қайта сотқа барып үкімнің орындалуына көп көмек жасады, және де Е.Агжігітовтың жынды болып жазасын алудан бұлтартпауына жол бермеді. Аталған тергеушінінің арқасында кінәлі адамдар өздеріне тиесілі жазаларын алды.
Сонымен катар, Ғ.Қуанышев басқарған жедел тергеу іздестіру тобының жұмысын дер кезінде ұйымдастырып, кінәлі адамдардың аттарына біздің ақшаларымызға сатып алынган 67,5 га жер телімін анықтап, кінәлі адамдарды қамауға алып, уақтылы осы жер телімдеріне тоқтам қоймаған жағдайда, біздің ақшаға сатып алынған жер телімдері талан таражға тусіп кетер еді.
Біздің ойымызша егер Ғ, Қуанышев бізбен бірге бірігіп сотта қаралып жатқан қылмыстық іске араласпаған жағдайда қазіргі таңға дейін үкім шықпайтын ба еді?
Аталған қылмыстық іс аяқталып Алматы облыстық қаржы полициясының қызметкерлерінен құрылған жедел тергеу іздестіру тобы таратылды. Алайда Ғ.Қуанышев өзінің басқа міндеттерімен қатар, бізбен бірге сотқа қатысуынан басқа С.Исабаевты іздестіруді де мезет ұмытқан емес. 2010 жылы күз айында С.Исабаев сотталып, ол қамауға алынды. Тергеуші Ғ.Қуанышев оған қатысты қылмыстық істі өзі тергеп аз уақыт аралығында С.Исабаевтың жасаған қылмысын анықтап оны сотқа тапсырды.
Қазіргі таңда, «Алтын ұя» қоғамдық бірлестігі жене «Алтын ұя» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мүшелері бойынша аудандық соттың үкімі айыпкерлердің және қорғаушыларының шағымдары бойынша Алматы облыстық сотта қаралып, үкім өз күшінде қалды, бұл үкімнің өз күшінде қалуына себепкер атап отырған сіздің қызметкеріңіз, ол бізді әр болатын сот процессі туралы хабарлап, оған қатысуға тарыдай шашылып әр кім әр жерде пәтер жалдап тұрып жатқан жерлерімізден тауып, бізге сот процессіне баруымыз керектігін түсіндіріп, әйтпесе ол одан ары созыла беретінін айтып отырды, біздің жағдайымызды сұрап түсініп үлесін қоспағанда, бұл жағдай да болмас па еді?
Сонымен катар, С.Исабаев өзіне тиесілі жазасын алып 9 жылға бас бостандығынан айырылды, бұл тағайындаған жаза оған аз сияқты, бұндай қылмыскерлерді өмір бойы қамаудан шығармау керек, бірақта біздің айтарымыз ол емес.
Сіз басқарып отырған мекемеге біз тек алғысымызды айтамыз, сіздер атқарып жүрген қиын, жауапты қызметкеріңіз өсіп өне берсін, сіздерге, сіздердің отбастарыңызға тыныштық береке берсін, сіздерге сеніп тапсырған міндеттеріңізді абыроймен атқаруларыңызға тілектеспіз және де абыроймен атқаратындарыңызға сенеміз.
Сонымен қатар бізді алдап кеткен ұйымдасқан қылмыстық топты анықтап бір де бірін қылмыстық жауапкершіліктен жалтарып кетуіне жол бермей, бәріне тиесілі жазасын бергізген сіздердің қызметкерлеріңізге, атап айтқанда Алматы облысы қаржы полиция қызметкерлеріне жедел тергеу тобының мүшелеріне және топ жетекшісі Ғ.Қуанышевқа жедел тергеу тобын ұйымдастырып тергеуді ұзаққа созбай кінәлі адамдарды жазасын алдырғандары үшін және біздің ақшаға сатып алынған жер телімдерін талан таражға салдырмай сақтап қалғаны үшін бар ізгі тілегімізді айтамыз.
Осы аталғанның негізінде Қаржы полициясының құрылған күніне орай сіз өз құзыретіңізбен Алматы облыстық қаржы полициясының басшыларын, аталған жедел тергеу тобының қызметкерлерін марапаттауды өтінеміз.

Ізгі тілекпен ынталы топ мүшелері

«Алтын ұя» қоғамдық бірлестігінің ынталы топ мүшелерінің алғыс хаты
25.05.2011 № 482
Амангелдиев Жандос
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шымкент қаласының тұрғыны
Амангелдиев Жандос Амангелдіұлынан

Алғыс хат!

Аса құрметті Қожамжаров Қайрат Пернешұлы мырза! Мен сіздің отбасыңызға амандық, саулық, бақыт, мәңгілік тұрақтайтын бақ, шаттық, жұмысыңызда мәртебе, абырой, табыс тілеймін! Және алдағы келе жатқан «Жеңіс күні» мейрамыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Себебі біз отбасымызбен Ә. Одаманов деген алаяқтан алданып, запа шеккеннен соң, өзіңізге ғаламтор арқылы тікелей арыз жазған едік. Сіз болсаңыз, бұл арызымызға құлақ асып, Оңтүстіктіктегі сенімді өкіліңіз Хайруллин Мұратқали Кәрімұлы мырзаға істі тиянақты қарауға нұсқау бергендіктен, М. К. Хайруллин мырзада өзінің ең сенімді қызметкері, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын Ғалымжан Садықовға менің ісімді әділ қарауға бұйрық берген еді. Ғалымжан Садықов шындығында М. К. Хайруллин мырзаның сенімін ақтады. Қазақта сөз бар емес пе «Жақсының жақсылығың айт, нұры тасысын! Жаманның жаманшылығын айт құты қашсын!» сол айтпақшы Ғалымжан тергеушіде осы жақсылардың қатарынан табылды. Өйткені, бұл кісі өз ісінің шебер маманы, өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарайтын, жәбірленушінің көңіл күйіне қарап, мәдениетті сөйлесетін, басқа бір қызметкерлер секілді бір нәрсе дәметудің орнына, қайтаға барынша қолынан келгенінше материалдық немесе рухани демеу болып, жәрдемдесуге, қамқор болуға дайын тұратын аптал азамат десек артық айтқандық емес. Себебі Ғалымжан тергеуші арызымызды қарау кезінде, арызымызға ұқыппен қарап, істі соңына дейін әділ тексерудің нәтижесінде Ә. Одамановтың шынымен алаяқтығын растап, істі соңына дейін жеткізді. Қазіргі күнде Ә.Одамановтан ақшамызды өндіріп алдық. Мен бұл тергеуші азаматтан осындай жақсы қасиеттер көрдім. Сондықтан аса мәртебелі Қожамжаров Қайрат Пернешұлы мырза, сізден жәбірленуші ретінде өтінерім, алдағы «Жеңіс күні» мейрамына орай, өзіңізге шын берілген, мойнына жүктелген істеріне жауапкершілікпей қарайтын М. К. Хайруллин мырза мен Ғалымжан Садықов мырзалардың халқына бұданда жақсы, адал қызмет ету үшін, бұл кісілердің қызметтерін жоғарылатуды, жалақыларын көбейтуді, абырой мәртебелерін көтеріп, көпшіліктің лажы болса, өз ұжымдарының арасында, халықтың алдында мадақтап, марапаттауыңызды өтініп сұранамын!
Ғалым аға, батыр аға қамқоршысы халықтың.
Алаяқпен алысатын батыр жүрек алыпсың!
Жұмысына – ісіне, адалдықпен қарайтын.
Мейірбанды, рахымды, нұрлы жүзді жарықсың!

Өтінуші, жәбірленуші Амангелдиев Жандос Амангелдіұлы. Менің рахмет хатымды ғаламтор бетінде қалдыруларыңызды өтінемін.
07.04.2011 № 456
Амреев А., Шукдабаев А., Кемелбеков Т.
Қазақстан Республикасы
Экономикалық қылмысқа және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
Агентігінің Төрағасы
Қ. Қожамжаровқа



Біз, Жамбыл облысы, Байзак ауданы, абай аулының тұрғындарымыз, осы ауылда орналасқан ұжымда жас кезімізден бастап зейнеткерлікке дейін еңбек еткен болатынбыз. Бұл ұжым жақсы жұмыс істеп, ауыл халығы табыста жүріп, дүние мүлігі түгел болып, оның ішінде біздін де үлесіміз болатын. Бірақ ұжым бастығы С.Ұлан байып, тоқ болып, ауыл халқын және ұжым жұмысшыларын алдап, арбалап бұл мүліктерді өзінің меншігіне аударып алған болатын.
Алайда, осы істі анықтаған және жүргізген Жамбыл облысы бойынша қаржы полициясы қызметкерлері мен тергеушінің адал атқарған қызметінің нәтижесінде С.Ұлан жауапкершілікке тартылып, сот үкімімен сотталып, заңсыз алған дүние мүлігі елге қайтарылып жатыр.
Қазіргі танда айтайын дегеніміз, Сіз басқарып отырған қызметіңіз дұрыс бағытта жүріп және Сіздің қарамағыныздағы Жамбыл облысының қаржы полициясының адал өызметкерлері көп болсын, оларға тек үлкен алғысымызды айтамыз.

14.07.2010 № 361
Алданазаров Серікбай, Қызылорда
Қазақстан Республикасы
Экономикалық қылмысқа және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес агентігінің Төрағасы
Қ. Қожамжаров мырзаға


Алғыс хат

Мен денсаулық жөнінде зейнеткермін Қызылорда қаласы, Ыдырысов көшесі, үйдің тұрғыны болып саналамын. Үйді, жерді 1995 жылы адал ақшаға сатып алғанмын, тіркеуде тұрмын. Сіздердің және Қызылорда облысы бойынша ЭСЖКД қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. Жауапкер Т. Оспановтан үйімді, жерімді алдым. Сіздерге қайта-қайта өтініш жазып Сіздерге ұзақ өмір, зор денсаулық тілей отырып, отбасына береке мен қызметте табысты болу, абырой беделдеріңіз арта берсін.


 
Алғыс иесі: 1996 жылдан бері денсаулық жөніндегі зейнеткер Алданазаров Серікбай

С. Алданазаровтың алғыс хаты

13.04.2010 № 346
Алшынбай, Караганды облысы
Сіздердің сайттарыңызды күн ара қарап, қозғалған қылмыстық істермен танысып отырамыз.
Жалғыз ұлым сіздердің Академияға түсемін деп талпынып жүр.
Сайттарыңыздың көмегімен сұрағына дер кезінде жауап алады.
Жұмыстарыңыз жемісті болсын, ағайын!
15.01.2009 № 184
Сарынбеков Е., Шынтемірова Г.,Л.Алешкина, 43 үлескерлер атынан
Алматы облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы, қаржы полициясының полковнигі
Шабдарбаев Н. А. мырзаға
АЛҒЫС ХАТ
Құрметті Нұрлан Аманкелді ұлы мырза, Сізге және Сіздің облыстық қаржы полициясы қызметкерлерінің біздің мәселемізге үлкен түсінушілікпен қарағандарына алғысымызды білдіреміз. Біз құрылысқа үлескер қатысушылармыз, өз қаржыларымызды «Сталь Строй» ЖШС көп қабатты үйлер мен коттедждер салу құрылысына салған болатынбыз. Аталған серіктестік салған қаржымызды біздің мүддемізге жұмсамай, өзара жасалған келісім-шарттың ережелерін өрескел бұзды. Осы мәселе жөнінде  біз қаржы полициясына шағымданған болатынбыз.
Қазіргі уақытта елімізде үлескерлерді алдау толқыны жүріп жатыр, запа шеккен адамның саны өте көп. Сондықтанда, Сіз басқарып отырған департаментке қарасты Ж. К. Елемесов, Р. М. Әлиев, А. А. Боранов, Е. К. Жиенбаев сынды Алматы қалалық бөлімшесінің өз істерінің білікті  де білгір маман-қызметкерлеріне «Сталь Строй» ЖШС-мен болған келіспеушілік мәселесін шешудегі іскерліктеріне дән ризамыз.
Елбасының сындары саясатын жүзеге асырып жатқан Қаржы полициясының ұжымына алғысымызды білдіре отырып, жоғарыда аты аталған инспекторлардың жұмысын атап өтуді сұраймыз.
15.12.2008 № 180
Маке, Казахстан
Саламатсыздарма каржы полициясында кызмет аткаратын барша кызметкерлери!!! Созимди бастамас бурын сиздерди алдагы келе жаткан ТАУЕЛСИЗДИК КУНИМЕН куттыктаймын! Казакстан ушин жасап жаткан енбектериниздин жемисин корип, елимиздин коркеуине ат салысудан ешкашанда шаршаманыздар...

Жеке сайттарыныздын болганы ол улкен жетистик десекте болар, сондыктанда жумыстарыныз табысты, сайттарыныз будан ари коркейе берсин.
02.04.2008 № 166
Анара, Алматы
Құрметті қаржы полиция басшылығы мен қызметкерлеріне!

Сіздердің сайттарыңызда күн сайын жаңартылып отыратын жаңалықтарыңызды оқып отырамын және де қойылған сұрақтарға берген жауаптарыңыз қанағаттандырарлық.

Жұмыстарңыз алға бассын!

Сайттарыңыз жандана берсін!