Сайт бойынша ескертулер мен тілектерді site@abekp.kz мекен-жайына жолдаңыздар
Сайттың құрметті қонақтары! Әр аптаның сәрсенбі күндері аумақтық бөлімшелерінің басшылары кәсіпкерлермен кездесу өткізеді

RSS-жазылу

БАҚ Академия туралы

Жеңіс жалауын желбіретті

 

 

Асхат Райқұл

«Астана ақшамы» газеті, 10.05.2011

 

 

Қаржы полициясы академиясы қашанда игi iстерге ұйтқы болып, шарапатты шаралардың легiн тоқтатқан емес. Жеңiстiң 66 жылдығына және Отан қорғаушылар күнiне арналған мереке қарсаңында да «Желбiре, Жеңiс жалауы» атты салтанатты шара ұйымдастырды. Оған бiрқатар соғыс және тыл ардагерлерi қатысты. Жиын оқу орнының ауласында бастау алды.
Академия курсанттары мереке құрметiне сап түзеп, салтанатты шеру жасады. Сондай-ақ, әскери, патриоттық тақырыптағы әндер орындап, өздерiне қонаққа келген ардагерлердiң көңiлiнен шығуға тырысып бақты. Шеруден кейiн көпшiлiк «Даңқ» аллеясындағы Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткiшке гүл шоқтарын қойып, тағзым еттi.
Жеңіс туы желбірей түседі

Александр Тасболатов
«Егемен Қазақстан» газеті, 07.05.2011


Ұлы Жеңіс мейрамы қарса­ңында Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күрес агенттігінің Қаржы полициясы академиясында Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен сындарлы кездесу болып өтті. Сұм соғыстың зобалаңын көріп, өлім мен өмір айқасқан қан майданда қасық қаны қалғанша жаумен шайқасқан жаужүрек жан­дардың жаралы жүректерінен жыл­дар жылжыған соң ақтарыл­ған сырларын академияның про­фессорлық-оқытушылар құрамы мен тыңдаушылары зейін қоя тыңдады.
Заңды тұлғалар заң бұзбасын десек

Александр Тасболатов
«Егемен Қазақстан» газеті, 30.04.2011

Бүгінгі таңда заңды тұлғалар қатары күннен-күнге молайып келеді. Бірақ олардың саны бар да, сапасы жоқ. Олай дейтініміз, қаптаған заңды тұлғалар ара­сында құлашын кеңінен жазып қарымды құқықтық қарекет қы­лып жатқандары некен-саяқ. Тіпті бірқатары ештеңе өндіре ал­маған соң заңды тұлға дегенді пайда­ланып, қылмыстық әре­кет­терге баратыны да айтылып жүр. Сондықтан да қазіргі кезде елдердегі секілді қылмыстық жауапкершілікті қа­рас­тыру қа­жеттігі туындап отыр. Ал бұл мәсе­ле­лерді шешу­дің жолдары қандай?
Заңды тұлғаларға талап күшейеді

Халима Бұқарқызы
«Айқын» газеті, 30.04.2011


Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі (Қаржы полициясы) заңды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартуды заңдастыруды ұсынуда. Агенттік ұсынған «Қазақстан Республикасының кейбір заңдық актілеріне заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін ендіру мәселелеріне қатысты өзгертулер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасы Парламенттің бірінші оқылымында-ақ қарсылыққа тап болған еді. Екінші оқылымнан үлкен үміт күтіп отырған жоба авторлары бұл заңды қабылдаудың қажеттігін айтады. Себебі Қазақстан 2008 жылы БҰҰ-ның Жемқорлыққа қарсы конвенциясын бекіткен. Демек, ұлттық заңнамамыз халықаралық құқық нормаларына сай келуі керек.
Батыр туралы баян

Дархан ЖАБАЕВ, қаржы полициясының қызметкерi
«Астана ақшамы» газеті, 28.04.2011

«Ерiне қарап елiн, тасына қарап тауын таны»
(Б. Момышұлы)


Мен бiрде жол үстiнде бiр жолсерiкпен әңгiме-дүкен құрдым. Осы – Бiз – жүрегiмiз «қазақ» деп соққан халықпыз, елiмiздi жанымыздай жақсы көремiз ғой.
Қызды-қызды әңгiме үстiнде мен оған:
Біздің академияны білесіз бе?

"Егемен Қазақстан" газеті, 26.03.2011

Еліміздегі беделді, мемлекетіміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бейінді оқу орындарының бірі – Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі жанындағы Қаржы полициясы академиясы соңғы он екі жылдың аясында жоғары білікті қаржы полициясы мен кеден қызметі мамандарын даярлап шығаруда. Жыл сайын академия тыңдаушыларының қатары 120 шәкіртпен толығып, олар құқықтану, құқық қорғау қызметі және кеден ісі мамандықтары бойынша дәріс алады.
Академия Наурызды айшықтады

Асхат Райқұл
«Астана ақшамы» газеті, 24.03.2011


Қаржы полициясы академиясы тiлдер кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және тәрбие бөлiмi қызметкерлерi Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығына және Наурыз мерекесiне орай «Ел мақтаған жiгiттi – қыз жақтаған» атты ұлттық дәстүрдегi сайыс ұйымдастырды.
Мерекелiк шараның басында Академия бастығы, профессор Марат Башимов құттықтау сөз сөйлеп, Агенттiк төрағасы, қаржы полициясының генерал-майоры Қ.Қожамжаровтың Академия алдына қойған мiндеттерi мен мақсаттары толық атқарылып жатқанын, алдағы жаңа жылдар өз жұмыстарын табысты атқара беретiндiгi жайлы айтып өттi. Шара барысында қызметте, бiлiм алуда үлкен жетiстiктерге қол жеткiзген Академия қызметкерлерi мен тыңдаушылары марапатталды.
Халықтар достығына арналды

Александр Тасболатов
«Егемен Қазақстан» газеті, 05.03.2011


Кеше Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Қаржы полициясының академиясында халықтар достығы мен татулығын паш еткен үлкен жиын болып өтті. Онда академия басшылығының ұйымдастыруымен «Вайнах» ұлттық-мәдени орталығының жетекшісі Салман Героев академияның оқытушы-профессорлық құрамымен және тыңдаушылармен кездесті.
03.03.2011
Академия қонағы – сенатор Ақылбай

Асхат Райқұл
«Астана ақшамы» газеті, 03.03.2011


Қаржы полициясы академиясының акт залында Парламент Сенатының заң шығару және құқықтық мәселелер бойынша комитетiнiң хатшысы Серiк Ақылбаймен кездесу жиыны өттi. Оған оқу орнының оқытушылары мен курсанттары қатысты.
Жиын барысында тыңдаушылардың көкейлерiндегi толғандырған сұрақтарға кеңiнен жауап берген комитет хатшысы қос палатаның заң шығару, қабылдау мәселелерiне жан-жақты тоқталды. Кез келген заңнамалар мен заңдардың тек халық мүддесiн жақтайтынын баса айтқан ол өткен жылы 120 заң қабылданса, ағымдағы жылы 150-ге тарта заң мақұлдануды күтiп тұрғанын жеткiздi.
Реформа кемшіліктерді реттейді

Асхат Райқұл
"Астана ақшамы" газеті, 17.02.2011


Қаржы полициясы академиясының мәжiлiс залында Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Құқық қорғау жүйесi бөлiмiнiң бастығы Алик Шпекбаевпен кездесу жиыны өттi. Жиынды ашып, жүргiзiп отырған академия ректоры Марат Башимов ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнiндегi Агенттiгiнiң (Қаржы полициясы) басшысы Қайрат Қожамжаровтың басшылығымен мемлекеттiк органдар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен құқық қорғау саласына қатысты iс-шараларды жиi өткiзiп тұратынын айтты.