Ғылыми қызмет
2011 жылғы 28 сәуірде 2010-2011 оқу жылына арналған Жұмыс жоспарға сәйкес Қаржы полициясы академиясының Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста мемлекеттік емтихандардың жұмыстық бағдарламалары және магистранттардың диссертациялары бойынша ресми оппоненттер, шығармашылық демалысын пайдалану туралы доцент О.Н. Тұрлыбаевтың есебі бекітілді. Академияның кадрлық қызметі тұрақты құрамның әскери-қызметтік даярлықтың жай-күйі туралы баяндады.
Ғылыми кеңес ұсынуына Р.Т. Шуменованың «Проблемы унификации понятийно-категориального аппарата уголовно-процессуального права Республики Казахстан» атты монография, Б.Р. Есімсейтовтың «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» атты оқу-әдістемелік құралы, С.Т. Кемелбековтың «ҚР Қылмыстық заңнамасындағы бағалылық белгілері» атты оқу құралы, Г.Қ. Исина мен А.Қ. Ыдрысованың «Правила и практические задания по грамматике английского языка для слушателей Академии финансовой полиции» атты оқу-әдістемелік құралы, Е.Е. Жақуповтың «Организационно-тактические аспекты расследования преступлений в сфере предпринимательства» атты оқу құралы, Ж.С. Сейтаеваның «Право на свободное передвижение и свободный выбор местожительства в Республике Казахстан» атты оқу құралы ұсынылды.
2011 жылғы 31 наурызда 2010-2011 оқу жылына арналған Жұмыс жоспарға сәйкес Қаржы полициясы академиясының Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста Академия тыңдаушыларының 2011 қаңтар-наурыз айларындағы әскери-қызметтік тәртібінің жай-күйі, МАБ-ға даярлық барысы туралы мәселелер қаралды. Отырыс барысында Қаржы полициясы академиясының омбудсманы з.ғ.д., профессор Е.Ә. Онғарбаев таңдалды.
Ғылыми кеңес шешімімен Қаржы полициясы академиясындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл (омбудсман) туралы ереже және Қаржы полициясы академиясының ғылыми-зерттеу жұмысы туралы ереже мақұлданды, сондай-ақ магистранттар үшін мамандық бойынша Кешенді емтихан бағдарламалары және шығармашылық демалысын пайдалану туралы Р.Т. Шуменованың есебі бекітілді. Ғылыми кеңес ұсынуына С.М. Рахметовтың «Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім» атты қазақ және орыс тілдеріндегі оқулық (біріккен авторлықта жазылған), оның да «Уголовно-правовые проблемы борьбы с коррупционными преступлениями» атты монография, О.Н. Тұрлыбаевтың «Процессуальная форма производства следственных действий» атты монография және Д. Досмырзаның «Организационно-правовые основы таможенного администрирования в Республике Казахстан» атты оқу құралы ұсынылды.
Академия қызметкерлеріне Қаржы полициясы академиясының құрметті қызметкері» кеуде белгісі иелендіру маңызды оқиға болып табылды.
2011 жылғы 24 ақпанда Қаржы полициясы академиясының Ғылыми кеңесінің алтыншы отырысы өткізілді. Отырыста қысқы емтихан сессиясының қорытындылары туралы ЖЖООКББ бастығы Е.Е. Қаженовтің және «Қазақстан тарихы» пәні бойынша МЕК төрағасының есебі туралы ӘЭПК бастығы Ш.Ә. Омарованың ақпараты тыңдалды.
Н.Б. Рубенкова, А.С. Абдирова, А.О. Можаева даярлаған «Кеден ісі» кафедрасы пәндерін оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдарды және Е.Е. Жакуповтың «Тактические операции при расследовании преступлений, связанных с незаконной предпринимательской и банковской деятельностью» атты монографияны ашық баспада шығаруға ұсыну туралы мәселелер жоспардан тыс қаралды. Бұл еңбектер Академиядағы оқу процесін жетілдіруге және қаржы полициясы органдарының тәжірибелік қызметкерлері іс-әрекетінің ғылыми негіздерін нығайтуға арнап даярланған. Академия бастығы М.С. Башимов Ғылыми кеңес қарауына Академия қызметкерлеріне «Қаржы полициясы академиясының құрметті қызметкер» атағын беру және Қаржы полициясы академиясының омбудсманы офисын құрылу туралы мәселелерді ұсынды. Осы мәселелер Ғылыми кеңестің келесі отырысының күн тәртібіне қосылды.
2010-2011 оқу жылына арналған Қаржы полициясы академиясының Ғылыми кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес 2011 жылғы 27 қантарда есептік-жоспарлық сипаттағы мәселелер қаралды: Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру аясында 2010 жылғы ғылыми-зерттеу жұмысының қорытындылары және 2011 жылға арналған ғылыми-зерттеу жұмысының жоспары туралы, 2010-2011 оқу жылының 1 семестріндегі Академия тыңдаушыларының әскери-қызметтік тәртібінің жай-күйі туралы, 2010 жылғы қаржы-шаруашылық жұмысының қорытындылары және 2011 жылғы міндеттері туралы, Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру аясында кәсіби қайта даярлау және біліктілікті арттыру факультетінің 2010 жылғы жұмысы және 2011 жылғы міндеттері туралы мәселелер. Барлық ұсынған есептер мен жоспарлар бекітілді.
«Әртүрлі» мәселенің шенберінде Академияның оқу-әдістемелік қамтамасыз етудың жетілдіру мақсатында з.ғ.д., профессор С.С. Молдабаев, филос.ғ.к. С.А. Арыстамбаеваның «Правила эффективного обучения» атты дәріс-презентациялар курсы, Д.Қ. Ғалееваның «Уголовно-процессуальное право Республики Казахстан. Особенная часть. Судебные стадии» атты оқу құралы (ашық баспада) және з.ғ.к., доцент С.Ж. Ғалиевтың «Азбука оперативника» атты оқу құралы (құпия грифімен) жариялауға ұсынылды.
Докторант О.В. Собконың Жеке жұмыс жоспарына өзгерістер енгізу туралы жеке түрде қаралды.
2010 жылдың 18-ші қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткен «Қылмыстық саясатты ізгіліктендіру проблемалары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет аясында заңнаманы жетілдіру» атты жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми конференция жұмысына Қаржы полициясы академиясының ҒЗжРБЖҰБ-нің ғылыми қызметкері қаржы полициясының аға лейтенанты Т. Махановтың жетекшілігімен 2-3 курс тыңдаушылары қатысты. 3 курс тыңдаушысы Д. Бердіғұлов «Құқық қорғау органдарының гуманизациялау процесіне және оның қоғамдық жүйе дамуына әсері» (ғылыми жетекшісі – ҚПА ҚҚІЖ кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.к., Алібекова Ә.М.) тақырыбында мақаласын оқып, 1 орынға ие болды, сондай-ақ М. Қожантаев қылмыстық саясатты ізгілендірудің өзекті мәселелерін ашып 3 орынды жеңіп алды. Сонымен қатар Сарсенбеков М., Омаров Е., Сейтбек А., Ерманов С., Жаканов Р., Байбатчаев О., Дильдабеков А., Мамитов Д., Толегенов Д. Сынды Академия тыңдаушылары әртүрлі номинациядағы грамоталармен марапатталды.
Академия ұжымымен дайындалған «Грязные деньги»: проблемы противодействия» жинағы маңызды жұмыстардың бірі болып табылады. Сонымен қатар, жыл сайын «Қаржы полициясы академиясының ғылыми еңтектері» шығып отырады. Қазақстанда, ТМД елдері мен алыс шетелдерде өткізілетін ғылыми семинарлар, конференцияларға Академия қызметкерлері белсенді түрде қатысып отырады.
Ғылыми жұмыстарды жүргізу кезінде Академияның жалпы профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми әлуеті пайдаланылған. Олардың 44 пайызы ғылыми дәреже мен ғылыми атақты иеленген, оның ішінде 3 ғылым докторы, 25 кандидат, 12 доцент, 2 профессор бар.
2008-2009 жылға Академия басшылығымен «экономикалық қауіпсіздікті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қамтамасыз етудегі қаржы полициясы мен кеден органдарының рөлі» жалпыакадемиялық ғылыми зерттеу тақырыбына айқындалды.
Отырыс барысында кадрлық өзгерістерге сәйкес жаңартылған Ғылыми кеңес құрамы талқыланды және мақұлданды, сондай-ақ оқу пәндер бойынша қорытынды бақылауды өткізудің нысаны мен тәртібі бекітілді.
2010 жылғы 25 маусымда Қаржы полициясы академиясының Ғылыми кеңесінің қорытынды отырысы өтті.
2010 жылғы 3 маусымда Қаржы полициясы академиясының Ғылыми кеңесінің кезекті (оныншы) отырысы өтті.














