Оқуға түсішілер үшін
Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау ережесі (Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясының) Төрағасының 2006 жылдың «28» маусымындағы №108 бұйрығымен бекітілді)
1. Жалпы ереже
1. Қаржы полициясы академиясына (бұдан әрі - Академия) оқуға қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы № 247 (Нормативті құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Реестрінде №4133 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарына қабылдаудың үлгілік ережесіне сәйкес реттеледі.
2. Күндізгі оқыту нысаны бойынша Қаржы полициясы академиясында оқу үшін жасы он алтыға толған жалпы орта білімі бар, қаржы полициясы мен кеден қызметі қызметкерлеріне қойылатын талаптарға жауап беретін, денсаулығы бойынша қызметке және оқуға жарамды тұлғалар қабылданады.
3. Академия тыңдаушыларының контингентін қалыптастыру кадрларды даярлаудың мемлекеттік тапсырысқа енгізу арқылы жүзеге асырылады.
4. Оқуға кандидаттарды іріктеуді аумақтық қаржы полициясы және кеден қызметі органдары, сонымен қатар Академия жүргізеді. Кандидаттардың Академияға түсуі олардың арнайы міндетті тексерістен, сондай-ақ қызметке жарамдылығын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери-дәрігерлік комиссиясында медициналық куәландырудан өту шарттарымен жүзеге асырылады.
. Кандидаттың оқуға түсуінің жеке ісі Академияның қабылдау комиссиясына жіберіледі. Жеке іске қосымша міндетті түрде: жеке куәлігінің, білімі туралы құжатының көшірмелері тіркеледі.
5. Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы және бірыңғай ұлттық тестілеудің сертификаты (бұдан әрі - БҰТ) Академияға келгенде қабылдау комиссиясына тапсырылады.
6. Аумақтық қаржы полициясы немесе кеден қызметі органдарының кандидатын Академияға оқуға жіберуі туралы шешім Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес қабылданады.
Академияның күндізгі оқыту бөліміне түсуге келген кандидаттар казармалық жағдайда тұрады және сол кезеңде сыртқа шығуына тыйым салынады.
Академияға азаматтарды қабылдау үш кезеңде жүзеге асырылады:
бірінші кезеңде - қабылдау комиссиясы кандидаттарды медициналық, психофизиологиялық және физикалық көрсеткіштері бойынша осы Ереженің талаптарына сәйкес іріктейді;
екінші кезеңде – кандидаттарды қабылдау БҰТ-тың нәтижелері бойынша берілген мемлекеттік сертификаттағы баллдарға сәйкес (үстіміздегі жылдың жалпы білім беру мектептерінің түлектері үшін) немесе өткен жылдары жалпы білім беру мектептерінің, бастауыш және орта кәсіби оқу орындарының түлектері үшін кешенді тестілеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады;
үшінші кезеңде - қабылдау комиссиясы конкурстық іріктеу негізінде кандидаттарды Академияның тыңдаушылары қатарына қабылдайды.
Кешенді тестілеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (одан әрі - Министрлік) Білім берудің және тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы әзірлеген технология бойынша жүргізіледі.
Кешенді тестілеу Академияның орналасқан мекенжайында жүргізіледі. Осы мақсатта кешенді тестілеуді ұйымдастыру және өткізу үшін мемлекеттік комиссия қалыптастырылады. Мемлекеттік комиссияның қызметін ұйымдастыру ережесі Министрлікпен бекітіледі.
Кешенді тестілеудің нәтижелерін тексеруден өткізу Академияда жүзеге асырылады.
2. Қабылдауды ұйымдастыру
10. Академияға оқуға қабылдауды ұйымдастыруды қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.
11. Күндізгі оқыту нысанына түсу үшін кандидаттардың жеке істерін қабылдау экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес Агенттігі (қаржы полициясы) (одан әрі - Агенттік) Төрағасының бұйрығына сәйкес белгіленеді.
12. Кандидаттардың Академияға келуі тиісті жылғы 1 шілдеге тағайындалады.
13. Кандидаттарды медициналық, психофизиологиялық және тәндік көрсеткіштері бойынша іріктеу тиісті жылғы шілденің 2-сі мен 6-сы аралығында жүргізіледі.
14. Қабылдау тәртібі туралы ақпарат, қабылдауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша қабылдау комиссиясының шешімдері, емтихандар мен кеңестердің кестесі, дұрыс жауаптардың коды, кешенді тестілеу қорытындылары, сондай-ақ басқа да қажетті ақпараттар ақпарат тақталарына оқуға түсушілерге уақытылы мәліметтер беру мақсатында ілінеді.
3. Тестілеуді өткізу
15. Кандидаттардың кешенді тестілеуі осы жылғы 7 шілдеде Академияның базасында жүргізіледі.
16. Кешенді тестілеу кандидаттардың қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде жалпы орта білім беру бағдарламасының көлемінде «050301-Құқықтану», «050303-Құқық қорғау қызметі» және «050304-Кеден ісі» мамандықтары бойынша оқуға түсушілерге арналған Үлгі ережелермен белгіленген пән бойынша жүргізіледі.
17. Әр пән бойынша тестік тапсырмалардың саны – 30. Кешенді тестілеуге үш астрономикалық сағат беріледі.
18. Әрбір тест тапсырмасына берілген дұрыс жауап бір балмен бағаланады. Тыңдаушылар қатарына қабылдау конкурсына қатысу үшін ең төменгі балл Қазақстан Республикасының жоғары оқу органдарына қабылдаудың типтік ережелерінде анықталған баллдарға сәйкес болады. Тестіні қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.
19. Дұрыс жауаптың кодтары тестілеуден кейін жауап парақтарын сканерден өткізгеннен соң, бірден тақтаға ілінеді.
20. Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша әрбір кандидатқа Министрліктің Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы белгіленген үлгідегі сертификат береді. Оны тестілеу өткізілгеннен кейін үш тәулік ішінде мемлекеттік комиссиясы табыс етеді.
21. Қабылдау комиссиясы сертификат алудың кешенді тестілеу нәтижелерін тест өткізілген күні хабарлайды.
22. Тестілеу нәтижелерімен келіспеген кандидаттың аппеляцияға беруге құқығы бар. Апелляция арызы апелляциялық комиссияға тестілеу нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін беріледі және апелляциялық комиссия бір тәулік ішінде қарайды. Апелляциялық комиссияның төрғасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.
4. Академияға қабылдау
23. Академияның күндізгі оқыту бөлімі тыңдаушыларының қатарына кандидаттарды қабылдау осы жылғы 9 шілдеде Академияның нақты мамандықтары бойынша конкурстық негізде комиссияның ашық отырысында өткізіледі.
24. Конкурсты өткізу кезінде басымдылық құқығына мыналар ие болады:
«Алтын белгі» белгісімен марапатталған оқушылар;
жүлдегер болып табылғандардың таңдаған мамандықтарына олимпиада немесе ғылыми жарыс пәндері сәйкес келген жағдайда, соңғы үш жыл ішінде халықаралық олимпиада мен жалпы білім беру пәндері бойынша ғылыми жарыстардың (1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен марапатталған) жүлдегерлері, сондай-ақ ағымдағы жылда республикалық олимпиадалар мен жалпы білім беру пәндері бойынша ғылыми жарыстардың жүлдегерлері болып табылғандар;
«Алтын белгі» белгісінің иегерлері кез-келген мамандық бойынша тестілеудің төртінші пәніне қарамастан конкурсқа қатыса алады.
25. Сертификат балдарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басымдылық құқығы мыналарға:
жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
үздік аттестаттар, куәліктер мен дипломдардың иегерлеріне;
аттестаттары, куәліктері немесе дипломдарында аса жоғары орта баллдары бар азаматтарға;
негізгі пәні бойынша аса жоғары орта баллдары бар азаматтарға беріледі.
26. Оқуға қабылдау туралы қабылдау комиссиясының шешімі Академия бастығының бұйрығымен ресімделеді.
27. Академия тыңдаушылары қатарына қабылданбаған кандидаттар жеке істерін қайтарумен бірге және қабылданбау себебі көрсетіліп, аумақтық органдарының қарамағына жіберіледі.
28. Қабылдау комиссиясы Министрлікке белгіленген нысандар және мерзімдер бойынша ақпарат береді. Қабылдау қорытындысы бойынша Академия бір апта мерзімі ішінде Агенттікке кандидаттарды конкурспен іріктеуді ұйымдастыру және өткізу туралы қорытындылы мәтіндік есебін, сонымен қатар Академияның тыңдаушылары қатарына қабылдау бұйрықтарының көшірмесін ұсынады.
Қаржы полициясы академиясының магистратурасына қабылдау тәртібі (Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2006 жылғы 26 тамыздағы №146 бұйрығымен бекітілген)
Жалпы ережелер
1. Қаржы полициясы академиясының магистратурасына (бұдан әрі – магистратура) қабылдау Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 қыркүйектегі №1642 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ережесіне, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылғы 29 мамырдағы №354 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының магистратурасына қабылдаудың үлгілік ережесіне (Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3618 тіркелген, 2003, № 23-24, 860-құжат) сәйкес әзірленген.
2. Магистратурада «6N0301 - Юриспруденция» мамандығы бойынша кадрларды дайындауды жүзеге асырады.
Мынадай түрлер бойынша оқу мерзімі:
1 жыл – кәсіби;
2 жыл – ғылыми педагогикалық.
3. Магистратураға жоғары кәсіби білімдері бар қаржы полициясы органдарының қызметкерлері қабылданады.
4. Академияның магистранттар контингентін құру кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысына енгізу арқылы жүзеге асырылады.
5. Оқуға кандидаттарды іріктеуді Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) және оның аумақтық қаржы полициясы органдары жүргізеді.
6. Академияның магистратурасына оқуға түсу емтихандарын өткізу және оған қабылдау мерзімінде қабылдау, пәндік емтихандық және аппеляция комиссиясы құрылып, олардың құрамы мен өкілеттіктерін Академия бастығы бекітеді.
Академия бастығы қабылдау комиссиясының төрағасы болып табылады.
Қабылдау комиссиясы магистратураға қабылдау мәселелерін шешеді.
7. Магистратураға түсетін кандидаттың жеке ісі Академияның қабылдау комиссиясына жіберіледі. Жеке іске қосымша міндетті түрде: жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірі туралы куәлігінің (СТТН), зейнетақы қорымен жасасқан шарттың, әлеуметтік жеке код беру туралы куәлігінің (ӘЖК), білімі туралы құжатының көшірмелері ұсынылады.
Жоғары білімі туралы құжаттың түпнұсқасы Академияға келген бойда қабылдау комиссиясына тапсырылады.
8. Құжаттарды қабылдардың алдында Академияның қабылдау комиссиясы:
Академияның магистратурасына қабылдау тәртібін;
- Академияның лицензияға сәйкес құжаттарды қабылдау туралы жариялаған мамандықтар тізбесін;
- әрбір мамандық бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қаржыландырылатын орын санын;
- әрбір мамандық бойынша түсу емтихандарының тізбесін, олардың бағдарламаларын, оларды өткізу ережелерін, сондай-ақ оқуға түсушілердің білім дәрежесін бағалау жүйесін;
- бюджеттен қаржыландырылатын орындарға қабылдауды ұйымдастыруды;
- оқуға түсу емтихандарының нәтижесі бойынша апелляцияға беру және оны қарастыру тәртібін;
- Академияға қабылдау тәртібін белгілейді және хабарлайды.
9. Магистратураға түсетін кандидаттардың жеке істерін қабылдау тиісті жылдың 15 маусым және 15 тамыз аралығында, оқуға түсу емтихандары тиісті жылдың 16 және 30 тамыз аралығында жүргізіледі.
2. Оқуға түсу емтихандарын өткізу тәртібі
10. Бұрынғы білім деңгейі бойынша барлық оқу мерзімінде жалпы рейтингтік балы 4,0-ден төмен қызметкерлер (5 балдық көрсеткіш бойынша) магистранттар қатарына қабылдауға жіберілмейді.
11. Магистратураға түсушілер шет тілінен және арнайы пәннен оқуға түсу емтихандарын тапсырады.
Шет тілі бойынша оқуға түсу емтихандарын тестілеу нысаны бойынша білім беру саласындағы орталық атқарушы орган құрған орталықтарда тапсырады.
Арнайы пән бойынша емтиханды бұрынғы алған білім деңгейінің оқу бағдарламалары көлемінде Академияның қабылдау комиссиясы өткізеді.
Емтихандарды қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.
12. Академия магистратураға оқуға түсу емтихандарының бағдарламаларын жоғары базалық және арнайы білім беру пәндері бойынша үлгілік бағдарламалардың негізінде қалыптастырады.
13. Қабылдау комиссиясының шешімімен келіспеген кандидат апелляцияға беруге құқылы. Арыз апелляция комиссиясына емтихан нәтижесі хабарланғаннан кейінгі келесі күні сағат 13.00-ге дейін беріледі және оны апелляция комиссиясы бір тәулік ішінде қарастырады.
3. Академияға қабылдау тәртібі
14. Академияның магистранттар қатарына қабылдау оқуға түсу емтихандарының нәтижесі бойынша конкурстық негізде тиісті жылдың 10 қыркүйегіне дейін жүзеге асырылады.
Шет тілінен және арнайы пәннен оқуға түсу емтихандарының қорытындылары бойынша 8 балдан төмен жинаған (әр пән бойынша 5 балдық көрсеткішпен) қызметкерлер магистранттар қатарына қабылдауға жіберілмейді.
Балдары бірдей болған жағдайда, қабылдау кезінде жоғары кәсіби білімі туралы үздік дипломы бар қызметкерлерге басым құқық беріледі.
15. Қабылдау қомиссиясының оқуға қабылдау туралы шешімі Академия бастығының бұйрығымен ресімделеді.
Академия бастығының кандидатты оқуға қабылдау туралы бұйрығы оның аумақтық қаржы полициясы органдарынан оқу орнына уақытша іссапарға жіберуге негіз болып табылады.
16. Магистратураға оқуға қабылданбаған кандидаттардың жеке істері мен басқа да құжаттары аумақтық қаржы полициясы органдарына қайтарылады.
17. Қабылдау комиссиясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне белгіленген нысандар және мерзімдер бойынша ақпарат береді. Қабылдау нәтижесі бойынша академия бір апта ішінде Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (қаржы полициясына) кандидаттарды іріктеу байқауын ұйымдастыру және өткізу туралы қорытындының мәтінді есебін, сонымен қатар Академиядның магистранттар қатарына қабылдау туралы бұйрықтарының көшірмелерін ұсынады.














