Сайт бойынша ескертулер мен тілектерді site@abekp.kz мекен-жайына жолдаңыздар
Сайттың құрметті қонақтары! Әр аптаның сәрсенбі күндері аумақтық бөлімшелерінің басшылары кәсіпкерлермен кездесу өткізеді

RSS-жазылу

Жаналықтар

2011 жылғы 25 қарашада Астана қаласында Қаржы полициясы Академиясы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет пен экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференция өткізді

Аталған конференцияны Академия бастығы, қаржы полициясының генерал-майоры Рустам Әнуарұлы Ыбырайымов салтанатты түрде ашты. Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының орынбасары, қаржы полициясының генерал-майоры Андрей Иванович Лукин келген қонақтардың алдында алғы сөз сөйледі.

2011 жылғы 25, 29 қазан күндері Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Дархан Жабаев Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясының және №24 орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары мен мұғалімдер құрамына «Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» атты тақырыпқа сұхбат-дәріс өткізді. Аталған тақырыпқа жыл сайын жүйелі түрде дәріс өткізіп тұруына байланысты мектептер тарабынан «Алғыс хатымен» марапатталды.

2011 жылғы 28 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде «Қылмыстық құқықтың, қылмыстық іс жүргізудің және криминалистиканың өзекті мәселелері» атты Қылмыстылықпен күрес мәселелерін зерделеу жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы және Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасымен ұйымдастырылған Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған жоғары оқу орындарының арасындағы студенттік ғылыми конференция өтті.

Конференцияға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қаржы полициясы академиясының, ҚР ІІМ ҚАЖК Академиясының, Экономика және құқық академиясының, Д.А. Қонаев атындағы университетінің, «Тұран» университетінің, Абай атындағы ҚазҰПУ-дің құқық және экономика институтының студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты. Конференцияға 150 ден астам студенттер қатысты.

Қаржы полициясы академиясы бастығының орынбасары М.С. Баймұрзин 2011 жылғы 16-23 қазан аралығында қазақстандық құқық қорғау органдары қызметкерлерінің делегациясы құрамында Анкара және Стамбул қалаларында және Түркия Республикасы Әділеттік Академиясында (бұдан әрі - Академия) өткен біліктілікті арттыру курсына қатысты.

Аталған курстың мақсаты Академияның білім беру әдіс-тәсілдерімен танысу және интерактивтік оқыту жүйесін оқу процесіне кірістіру туралы мәселе қарастырылды.

         
          2011 жылғы 21 қазанда Қаржы полициясы академиясында «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша Республикалық оқу-әдістемелік секциясының (РОӘС) кезекті отырысы өтті.


          Отырысты Қаржы полициясы академиясының бастығы,қаржы полициясының генерал-майоры Рустам Әнуарұлы Ыбырайымов жүргізді. РОӘС жұмысына қатысқандар: Бәрімбек Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының бастығы, з.ғ.к., полиция полковнигі  Д.Т. Кенжетаев, ҚР ІІМ Ақтөбе заң институтының бастығы, з.ғ.д.,профессор, полиция полковнигі Е.О.Түзелбаев, «Астана» университетінің ректоры, з.ғ.д., профессор Е.А. Оңғарбаев, Оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру жөніндегі Қаржы полициясы академиясы бастығының орынбасары, з.ғ.д., профессор, қаржы полициясының полковнигі А.А. Смағұлов, ҚР ІІМ Алматы академиясының күндізгі оқыту факультеті бастығының орынбасары, з.ғ.к., доцент, полиция полковнигі К.С. Карбеков, ҚР ІІМ Алматы академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру институты бастығының орынбасары А.А. Сайтбеков, ҚР Баримбек Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының бастығының орынбасары, күндізгі оқыту факультетінің бастығы, т.ғ.к., полиция полковнигі А.А. Тажиғұлов, Қаржы полициясы академиясының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің бастығы, з.ғ.к., қаржы полициясының капитаны Е.Е. Қаженов қатысты.

          ОӘС отырысында профессорлық – оқытушылық құрамына, магистранттарға конференция, РОӘС-ке мүше ЖОО профессорлық – оқытушылық құрамына біліктілігін арттыру курсын өткізу, қолданыстағы 5В030300 - «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша бакалавриат-магистратура-докторантураның ҚР МЖМБС өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы сұрақтар талқыланды.
 

 

Қаржы полициясы академиясында «Заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі» ғылыми-теоретикалық семинар өтті

2011 жылғы 29 сәуір күні Қаржы полициясы академиясының қабырғасында «Заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі» ғылыми-теоретикалық семинар өтті. Бұл семинарға еліміздің белгілі ғалымдары, көрнекті саяси және қоғамдық қайраткерлері, атап айтқанда, Сарсембаев М.А., Онгарбаев Е.А., Рахметов С.М., Юрченко Р.Н., Ахпанов А.Н., Мауленов Г.С., Джандарбеков Ы.А., Уханов К.Ш., Тузельбаев Е.О., Нұр Отан ХДП, Есеп комитеті, Жоғары сот, Ішкі істер министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Бас прокуратура және республикамыздың алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының өкілдері қатысты.
Қаржы полициясы академиясында біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша «Есірткі контрабандасымен байланысты  қылмыстарды тергеу әдістері мен тәсілдері» тақырыбы бойынша семинар өтті

Қаржы полициясы академиясының кәсіби қайта даярлау және біліктілікті арттыру факультетінде ағымдағы жылдың 11-13 сәуір аралығында кеден органдарының 18 қызметкері үшін біліктілікті арттыру бағдарламасы аясында қысқа мерзімді «Есірткі контрабандасымен байланысты  қылмыстарды тергеу әдістері мен тәсілдері» тақырыбы бойынша семинар өтті.

Үш күн бойы тыңдаушылар есірткі контрабандасымен күресудің өзекті мәселелерін  зерделеді.
Қош келдің, әз-Наурыз!

2011 жылғы наурыздың 17-сі күні Қаржы полициясы академиясы тілдер кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және тәрбие бөлімі қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Наурыз мерекесіне орай «Ел мақтаған жігітті – қыз жақтаған» атты ұлттық дәстүрдегі сайыс ұйымдастырылып, өткізілді.
Қаржы полициясы академиясы Халықаралық Әйелдер күнін атап өтті

Алғашқы көктем аптасы осынау табиғаты керемет, таңқаларалық ару жандардың мерекесімен басталатыны ғажап құбылыс. Қазақ халқы   қашаннан әйел адамын гүлге тенеп, оның нәзіктігін ерекшелеп, аялаған. Осы салттан қалмай ата дәстүрімізді басшылыққа ала отырып және заманның талаптарын ескере отырып, Қаржы полициясы академиясы Халықаралық Әйелдер күні мерекесін концертпен атап өтті.

Мерекелік концертті құттықтау сөзімен Академия бастығы М. Башимов ашып берді. Сонымен қатар қаржы полициясының болашақ офицерлерін тәрбиелеу мен білім біруге ат салысып отырған аяулы жандардың еңбектері назардан тыс қалмады. Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) Төрағасы бұйрығымен және Академия бастығының бұйрығымен нәзік жанды қызметкерлерге сіңірген еңбектері үшін мақтау қағаздары берілді, алғыстар жарияланды. Академияның тыңдаушы-қыздары да шет қалмай Бастықтан алғыс хаттарын алды.
Қаржы полициясы академиясында Заңшығару және құқықтық мәселер жөніндегі комитет хатшысы, Қарағанды облысынан Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты Серік Ақылбаймен кездесу өтті

Қаржы полициясының болашақ офицерлерін отан сүйгіштікке және өнегелілікке тәрбиелеу мақсатында Қаржы полициясы академиясында еліміздің әр түрлі салаларынан қонақ шақыру дәстүрге айналған. Бүгінде осы мақсатпен «Мәртебелі қонақ» бағдарламасы аясында Заңшығару және құқықтық мәселер жөніндегі комитет хатшысы, Қарағанды облысынан Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты Серік Ақылбаймен кездесу болды.
Кездесу басында Серик Ақылбай республика Сенатында заңнама актілерін қарастыру рәсімі туралы жеке құрамға айтып берді. Одан өзге сенатор өзінің бай өмірлік тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар қонақ құқық қорғау жүйесінде өткізілген соңғы реформаларға тоқталып өтті.