Академия туралы
АКАДЕМИЯ ТУРАЛЫҚаржы полициясы академиясы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999
жылғы 18 тамыздағы № 1184 қаулысына сәйкес құрылған.
Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 мамырдағы №643 қаулысымен
Академия алдына мына міндеттер қойылды:
- қаржы полициясы мен кеден қызметі органдары үшін жоғары білімді мамандар даярлау;
- қаржы полициясы мен кеден қызметі органдарының басшы кадрлары мен қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру;
- ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау;
- экономикалық қылмысқа қарсы күрестің өзекті проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет Басшыларының Кеңесі 2007 жылғы 25 мамырда «ТМД-ға қатысушы елдердің салықтық (қаржылық) тергеу органдары үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі базалық ұйымы жөніндегі ережені бекіту және Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігі Экономикалық қауіпсіздік академиясы мен Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Қаржы полициясы академиясына ТМД-ға қатысушы елдердің салықтық (қаржылық) тергеу органдары үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі базалық ұйымы мәртебесін беру туралы» (Ялта қ.) шешім қабылдады.
Академияда күндізгі оқыту факультеті және магистратура, сондай-ақ кәсіби қайта даярлау және біліктілікті арттыру факультеті, жеті кафедра, жалпы және арнайы кітапханалар, 10 бөлім және қызмет жұмыс жасайды. 2009 жылдан бастап Ph.D докторантурасына қабылдау жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясымен бірлескен докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес жұмыс жасайды. Тоқсан сайын Қаржы полициясы академиясының жаршысы журналы шығарылады.
Қазіргі күні Академия бойынша тыңдаушылар контингенті 436 адамды
құрайды және олар күндізгі оқыту бөлімінде білім алады.
Академиядағы
оќу процесінің еліміздің жоғары және ведомстволық оқу орындарынан
айыратын бір ерекшілігі заң пәндерімен ќоса экономикалық пәндерді
тереңдетіп үйрету болып табылады. Тергеу-экономикалық және
жедел-экономикалық мамандандырылу бойынша арнайы курстарды (экономикалық
және сыбайлас жемқорлық қылмыстарды ашу және тергеу әдістемесі,
экономика саласындағы қылмыстарды саралау, алдын-ала тергеу өндірісін
ұйымдастыру және басқалар), саптық және атыс дайындығын зерделеуге үлкен
көңіл бөлінеді.
Академия құрылымында жеке құрылымдық бөлімше – Мониторинг және білім сапасын бақылау орталығы (тестілеу орталығы) бар, ол кәсіптік қызметтің түрлі бағыттары бойынша қаржы полициясы органдарының және кеден қызметінің практикалық қызметкерлерінің кәсіби даярлық деңгейін бағалаумен айналысады, білімді бақылаудың барлық түрлерінің ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді, Академия тыңдаушыларының академиялық рейтингін есептейді, тыңдаушыларды даярлау сапасының мониторингін жүзеге асырады. Барлық сынақ-емтихан сессиясы тестілеу орталығында оқытушылардың қатысуынсыз өтеді.
2006-2007 оқу жылында Академияда азаматтық емес ЖОО арасында алғаш рет кредиттік білім беру жүйесі енгізілді. Күндізгі оқыту бөлімінің тыңдаушылары бакалавриаттың үш мамандығы 050301 – Юриспруденция; 050303 – Құқық қорғау қызметі, 050304 – Кеден ісі мамандығы бойынша білім алуда.
Профессорлық-оқытушылық құрам мен тыңдаушылардың «Қаржы полициясы және кеден органдарының экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудегі рөлі» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысы Академия қызметінің маңызды бағыты болып табылады. Академияның профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми әлеуеті тұрақты дамып жетілдіріліп отырады. Бүгінгі күні ғылым докторы – 3, ғылым кандидаты – 27, оның ішінде заң ғылымдарының кандидаты – 16, экономика ғылымдарының кандидаты – 2, педагогика ғылымдарының кандидаты – 3, техника ғылымдарының кандидаты – 1, философия ғылымдарының кандидаты – 2, филология ғылымдарының кандидаты – 2. Қазіргі күні 3 ізденуші ғылым докторы, 9 қызметкер ғылым кандидаты ғылыми дәрежесін ізденуші болып табылады.
Ғылыми-зерттеу қызметінің практикалық бағыттылығы қаржы полициясы органдары үшін түрлі әзірлемелер даярлауда өз көрінісін табады. Академия алдына үнемі аумақтық бөлімшелерін әдістемелік сипаттағы әзірлемелермен қамтамасыз ету міндеті қойылған, бұл бұдан бұрын қылмыстық істер қозғалмаған экономикалық қылмыстарды анықтауға, ашуға және тергеуге мүмкіндік береді. Академия күрделі жасырын және мемлекет экономикасына үлкен залал келтіретін күрделі анықталатын экономикалық қылмыстарды ашу және тергеу туралы әдістемелік ұсыныстар әзірлейді. Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы 60-тан астам әдістемелік ұсыныстар әзірлеген, олар аумақтық органдарға жинақ немесе жеке түрде таратылған.
Бұдан басқа жемқорлану индекстерін анықтау әдістемесі әзірленді. Сондай-ақ Агенттікке жолданған «қылмыстық процестегі медиация сұрақтары», сыбайлас жемқорлық проблемалары бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізетін үкіметтік емес ұйымдар қызметінің нәтижелерін тиімді пайдалану жөніндегі ұсыныстар және көптеген басқа да әзірлемелерді атап өту қажет.
Академияның жалпы және арнайы кітапханалары, сонымен қатар еліміздің басқа да жоғары оќу орындарының, алыс және жақын шет елдердің оқытушыларымен дайындалған әдістемелік құралдармен тұраќты толықтырылып тұрады. Жалпы кітапхананың ќорын 94820 әдебиет құрайды, оның 81027 оқу әдебиеті, 11657 дана ғылыми әдебиет, сонымен қатар басќа да әдебиеттер 2136 дана құрайды. Арнайы кітапхананың қорын 2166 әдебиет құрайды Академияда әлемдік Интернет жүйесі, «Юрист» аныќтамалыќ құқықтық жүйесі белсенді ќызмет атќарады.
Академияның техникалық базасын нығайту және тыңдаушылардың тіршілік жағдайларын жақсарту бойынша маңызды жұмыс жүргізеді. 2005 жылы курсанттар үшін жаңа заманауи тұрғын үй корпусы соғылды. 2006-2007 жылдары күрделі ғимараттарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Курсант қыздарға арналған тұрғын үй корпусына, кәсіби қайта даярлау және біліктілікті арттыру факультетінің ғимаратына, оқу және шаруашылық корпустарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Оқу ғимараты – 1976 жылы соғылған жалпы көлемі 8220 ш.м. құрайтын төрт қабатты ғимарат, 1 тыңдаушыға келтірілген пайдалы оқу алаңы 16,47 ш.м. құрайды, оның ішінде акт залы 137 ш.м., 340 отыратын орынға арналған, заманауи мүліктермен жабдықталған спорт залы 417,8 ш.м., тренажер залы 69,6 ш.м., жекпе-жекке арналған зал 67,9 ш.м., екі жаңа дәріс залы 250 ш.м. 220 орынға арналған. «Курсанттар үйі» - 2005 жылы соғылған көлемі 2800 ш.м. құрайтын төрт қабатты ғимарат, «Курсант қыздар үйі» 1981 жылы соғылған көлемі 967,6 ш.м. құрайтын екі қабатты ғимарат, кәсіби қайта даярлау және біліктілікті арттыру факультетінің ғимараты 558,3 ш.м. құрайтын екі қабатты ғимарат, №1 жатақхана – 1967 жылы соғылған жалпы көлемі 3495 ш.м. құрайтын бес қабатты ғимарат, оның ішінде медициналық бөлім жалпы көлемі 300 ш.м. құрайды. Тыңдаушыларға (ерлер) арналған курсанттар үйі пайдалануға берілген соң жатақхана Академияның профессорлық оқытушылық құрамына арналған отбасылық жатақхана (1, 2, 3 бөлмелі пәтерлер) ретінде қайта құрылды. Асхана 1978 жылы соғылған 400 орынға арналған 845,8 ш.м. құрайтын бір қабатты ғимарат. Зертханалық корпус 1979 жылы соғылған жалпы көлемі 3090 ш.м. құрайтын екі қабатты ғимарат. Спорт кешені – жалпы көлемі 10160 ш.м. Футбол алаңы жүгіру жолдары бар футбол алаңының жалпы көлемі 4500 ш.м. құрайды. Кедергі жолағы, турниктері және швед қабырғалары бар спорт қалашығы – жалпы көлемі 5660 ш.м. Баскетболдық және валейболдық алаңдар соғылған.
Академияда монша-кір жуу кешені, душпен жабдықталған жатақханалар бар. Жылытуға және ыстық сумен қамтамасыз етуге арналған автономдық қазандық, автогараж бар.
2004-2005 оқу жылы Академия екі жаңа компьютерлік класпен (25 комплект) жабдықталды. 2005-2006 оқу жылы 20 орынға арналған жеке интернет класс қолданысқа енгізілді. 2007 жылғы наурызда тыңдаушылар мен оқытушылардың тілдік даярлығын жандандыру үшін лингафон кабинеті пайдалануға берілді.
Қазақстанның және шетелдердің жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерімен Академияның ынтымақтастығын дамыту басым бағыттардың бірі болып табылады және трансұлттық қылмысқа бірлесе қарсы тұру, экономика саласындағы сыбайлас жемқорлық және криминогендік жағдайларды зерделеу жөніндегі ғылыми зерттеулерді бірлесе жүргізу қажеттілігінен туындайды.
Қаржы полициясы академиясы Қазақ гуманитарлық заң университетімен, Д.А. Қонаев атындағы гуманитарлық университетпен, ҚР ІІМ Академиясымен, ҚР ҰҚК Академиясымен, ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтымен, ҚР ҚІЖК Қостанай заң институтымен, Б.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлкеттік университетімен, әл-Фараби атынғы Қазақ ұлттық университетімен, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен, сондай-ақ басқалармен байланыс орнатылған және ынтымақтастық белсенді жалғасуда.
Академияда ТМД елдерінің және алыс шетелдердің жоғарғы оқу орындарымен байланыс құру кеңінен тараған. Ынтымақтастық және ғылыми ауысу Академия және мына жоғары оқу орындары және орталықтары арасында әріптестік, ынтымақтастық және ғылыми ауысу туралы 6 келісім шарт қабылданды,: BATTELLE MEMORIAL INSTITUTE, PACIFIC NORTHWEST DIVISION (PNWD) (2002 жылғы 15 қарашадағы келісім.); Украина ІІМ Заң академиясы (Днепропетровск қ.) (2003 жылғы 11 наурыздағы келісім шарт); Humanitarian and Law Uniwersity (2004 жылғы 3 қазандағы келісім шарт); Украина мемлекеттік салықтық қызметінің Ұлттық университеті (2006 жылғы 7 шілдедегі келісім шарт); РФ ІІМ экономикалық қауіпсіздік академиясы (2006 жылғы 23 қыркүйектегі келісім шарт); РФ ІІМ Тюмень заң институты (2006 жылғы 27 қазандағы келісім шарт).
Қаржы полиция академиясының ресми сайты - www.academfinpol.kz














