Ынтымақтастық және халықаралық қызмет
13.12.2011толығырақ »
2011 жылғы 4-7 желтоқсан аралығында Әбу Дәби қаласында (Біріккен Араб Әмірліктері) Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары С.О. Оңғарбаевтың басшылық етуімен Агенттік делегациясы Біріккен Араб Әмірліктері Ішкі істер министрлігі Лос Анджелес штатының (Америка Құрама Штаттары) Шериф департаментімен бірлесе отырып ұйымдастырған Бүкіләлемдік Полиция Симпозиумына қатысты
Аталған іс-шараға Біріккен Араб Әмірліктерінің, Америка Құрама Штаттарының, Австралияның, Әзірбайжанның, Бахрейннің, Индияның, Испанияның, Канаданың, Катардың, Кувейттің, Мексиканың, Оманның, Сауд Аравиясының, Сингапурдың, Францияның және Шри Ланканың полиция ведомстволарының басшылары қатысты. 02.09.2011толығырақ »
2011 жылғы 22 – 26 тамызда Вена қаласында (Австрия Республикасы) өткен Сыбайлас жемқорлықты алдын алу жөніндегі ашық үкіметаралық жұмыс тобының 2-ші отырысына және Активтерді қайтару жөніндегі ашық үкіметаралық жұмыс тобының 5-ші отырысына Агенттік делегациясы қатыстыОтырыстарға 150-ден астам елдің құзыретті органдарының басшылары және өкілеттері шақырылды.
Агенттік делегациясы отырыстар барысында Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тәжірибесі ұсынды.
10.08.2011толығырақ »
2011 жылғы 15-22 шілдеде Агенттіктің делегациясы Пекин қаласында (ҚХР) Дамып келе жатқан елдерде сыбайлас жемқорлықты алдын алу жөніндегі жұмыс тобының 4-кездесуіне қатысты15.06.2011
2011 жылғы 14
маусымда Агенттік Төрағасы Қ.П. Қожамжаровтың БҰҰ-ның Бас хатшысының
орынбасары-БҰҰ Есірткі және қылмыстық жөніндегі басқармасының Орындаушы
директоры Ю.В. Федотовпен кездесуі өтті09.03.2011толығырақ »
Алматы қаласында «Активтерді қайтаруға және халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға күштерді біріктіру» тақырыбындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық конференциясының жұмысы басталдыКонференцияға әлемнің 60 елінің 150 делегаты, сондай-ақ ЕҚЫҰ, БҰҰ, Еуропа Кеңесінің, Трансперенси Интернешнл және ГРЕКО өкілдері қатысады.
Конференцияны Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) төрағасы Қайрат Қожамжаров ашты.
17.02.2011толығырақ »
Қазақстан Республикасы Қаржы полициясының Салықтар және инвестициялар жөніндегі халықаралық орталықпен ынтымақтастығы мәселелері талқыланды2011 жылғы 16 ақпанда Агенттікте Агенттік Төрағасының орынбасары А.И. Лукиннің Салықтар және инвестициялар жөніндегі халықаралық орталықтың Президенті Даниель Виттпен кездесуі өтті.
13.01.2011толығырақ »
Қазақстан Қаржы полициясы мен Италия Республикасының Қаржылық гвардиясы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда 2010 жылғы 12 қаңтарда Агенттікте Агенттіктің Төрағасы Қ.П. Кожамжаровтың Италия Республикасының Қаржылық гвардиясының Бас қолбасшылығы II-ші бөлімшесінің Басқарушысы Микеле Карбонемен кездесуі өтті.
Кездесу шеңберінде Агенттік басшылығы Италия Республикасының Қаржылық гвардияға өзінің басқаратын органдарының қызметі мен құзыреті туралы ақпарат ұсынылды.
Кездесудің нәтижелері бойынша тараптар Агенттік пен Қаржылық гвардияның экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы әрекет ету саласында өзара әрекеттесуді одан әрі кеңейту мен нығайту туралы келісті.
22.12.2010толығырақ »
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Төрағасы
Қ.П. Қожамжаровтың басшылық етуімен Агенттіктің Делегациясының Брюссель қаласына іс-сапары (видео)21.12.2010толығырақ »
Агенттіктің өкілдері Париж қаласында
(Франция) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбулдық
іс-қимыл жоспарының 9-Мониторинг кездесуіне және ЭЫДҰ Шығыс Еуропа және Орта Азия
елдері үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес желісі Басшылығы тобының
11-кездесуіне қатыстыАгенттіктің өкілдері 2010 жылғы 5-8 желтоқсан аралығында Париж қаласында (Франция) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбулдық іс-қимыл жоспарының 9-Мониторинг кездесуіне және Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының (ЭЫДҰ) Шығыс Еуропа және Орта Азия елдері үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес желісі Басшылығы тобының 11-кездесуіне қатысты.
Аталған кездесулер шеңберінде Тәжікстанның, Өзбекстанның және Украинаның мониторинг есептері қабылданды, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбулдық іс-қимыл жоспарының ұсыныстарың іске асыру бойынша Арменияда, Әзірбайжанда, Грузияда, Қазақстанда және Қырғызстанда атқарылған жұмыс жөнінде баяндамалар ұсынылды.
14.12.2010толығырақ »
Вашингтон
қаласында дүниежүзілік банкімен ұйымдастырылған «Трансұлттық қылмыспен
күресте күш біріктіру» тақырыбындағы Халықаралық концеренциясының
жұмысына Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Төрағасы
Қ.П.Қожамжаровтың басшылық етуімен Агенттіктің Делегациясы қатыстыЕліміздің жемқорлықпен күрес қызметін күшейту мақсатында, Елбасы Н.А.Назарбаев қаржы полиция органдарынының қызметіндегі негізгі басымдықтары ретінде экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында халықаралық қауымдастықты нығайту мен тереңдетуді белгіледі.
Ағымдағы және өткен жылы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) бастамасымен 2 халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес конференциялары өткізілді. Бұл конференцияларда еліміз қазақстандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекеттерінің моделімен халықаралық эксперттерді таныстыру мүмкіншілігіне ие болды.














