Сайт бойынша ескертулер мен тілектерді site@abekp.kz мекен-жайына жолдаңыздар
Сайттың құрметті қонақтары! Әр аптаның сәрсенбі күндері аумақтық бөлімшелерінің басшылары кәсіпкерлермен кездесу өткізеді

RSS-жазылу

Қаржы полициясы органдарының рәміздері



Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы

10 ақпандағы №1020 Жарлығымен бекітілген


Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының нышаны


Қаржы полициясы органдары нышанының қырлары алтын-сары және ашық-қоңыр түстерге боялған сегіз қырлы жұлдыздың бейнесін білдіреді. Жұлдыздың ортасында секіруге дайын алтын түсті барыс бейнесі салынған көгілдір түсті дөңгелек қалқан бар. Дөңгелектің бойында мемлекеттің мүдделерін барлық жағынан қорғауды білдіретін алтын түсті 8 нүкте орналасқан. Қалқанның сыртынан жағалай қызыл лента орналасқан. Лентада: төменгі жағынан «ҚАЗАҚСТАН», сол жағынан «ҚАРЖЫ», оң жағынан «ПОЛИЦИЯСЫ» деген алтын түсті жазулар орналасқан. Нышанның көгілдір және алтын түстері Халықаралық атластың PANTONE түстерінің 3125 С және 810 С нөмірлеріне сәйкес.






Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының туы

Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының туы қара-көгілдір түсті тікбұрышты мата болып табылады.
Тудың ортасында қаржы полициясы органдары нышанының бейнесі орналасқан. Тудың шеті алтын-сары түсті шашақпен көмкеріліп, диаметрі 32 мм және ұзындығы 2 м сапқа бекітілген. Саптың ұштығы найза нысанында жасалған, оған екі шашағы бар алтын-сары түсті өрілген бау бекітілген. Ұштықтың биіктігі 26 см, ені 11 см. Баудың ұзындығы 1,3 м, шашақтардың ұзындығы 20 см. Тудың енінің ұзындығына арақатысы 1:2.