Сайт бойынша ескертулер мен тілектерді site@abekp.kz мекен-жайына жолдаңыздар
Сайттың құрметті қонақтары! Әр аптаның сәрсенбі күндері аумақтық бөлімшелерінің басшылары кәсіпкерлермен кездесу өткізеді

RSS-жазылу

Басшылық

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасы


ТҮСІПБЕКОВ РАШИД ТӨЛЕУТАЙҰЛЫ

Түсіпбеков Рашид Төлеутайұлы 1955 жылғы 28 қаңтарда Шымкент қаласында туған.
1962 жылдан бастап Қарағанды қаласында тұрған, 1973 жылы сонда № 3 орта мектепті бітірген.
Мектепті бітірген соң Қарағанды облыстық атқару комитеті өрт қауіпсіздігінің жүргізушісі болып жұмыс істеген.
Кеңестік Әскер қатарында борышын өтеген соң 1976 жылғы тамызда Қарағанды мемлекеттік университеті заң факультеті күндізгі бөлімінің 1-курсына түсіп, 1981 жылы оқу орнын үздік бітірген.
Қарағанды қаласының Совет аудандық сотында өткен 3 айлық тағылымдамадан соң 1981 жылы халық судьясы болып сайланды.
1984 жылдан 1993 жылға дейін Қарағанды облысы Нұра аудандық сотының төрағасы болып жұмыс істеген.
1993 жылдан 1999 жылға дейін Қарағанды облыстық сотының төрағасы болып жұмыс істеген.
1999 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы болып тағайындалды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының міндетін атқарды.
2000 жылғы қазаннан желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілдендіру комитетінің төрағасы болған.
2000 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы Бас прокуроры болып тағайындалды.
2005 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы Бас прокуроры болып екінші конституциалық мерзімге тағайындалды.
2009 жылғы сәуірден 2012 жылғы қаңтар аралығында – Қазақстан Республикасының Әділет министрі.
2012 жылғы 20 қаңтарда Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) Төрағасы болып тағайындалды.
2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.

Келесі наградаларға ие:
- 2-дәрежелі «Барыс» ордені;
- «Парасат» ордені;
- Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен марапатталды.


Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының бірінші орынбасары

ОҢҒАРБАЕВ СӘТТІБЕК ОҢҒАРБАЙҰЛЫ


1949 жылы туған. Свердлов заң институтын бітірген.
1974 – 2006 жылдар аралығында прокуратура органдарында қызмет еткен. 1994 жылдан 1996 жылғы наурыз аралығында – Талдықорған облысының прокуроры, 1996 жылғы наурыз және желтоқсан аралығында – Шығыс Қазақстан облысының прокуроры, 1996 жылғы желтоқсан – 2001 жылғы қаңтар аралығында – Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары, 2001 жылғы қаңтар – 2002 жылғы ақпан аралығында – Алматы облысының прокуроры, 2002 жылғы ақпан – 2005 жылғы сәуір аралығында Алматы қаласының прокуроры, 2005 жылғы сәуір – 2006 жылғы сәуір аралығында – Алматы облысының прокуроры, 2006 жылғы сәуір – 2006 жылғы шілде аралығында – Бас прокуратурасының Орталық аймақтық көлік прокуроры.
2006 жылғы маусымнан - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының орынбасары. 

2011 жылғы тамыздан - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының бірінші орынбасары.
3 – дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі.

Марапаттары:
- II дәрежелі  «Даңқ» ордені;
- «ҚР Конституциясына 10 жыл»  мерекелік медалі;
- «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі;
- «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалі;
- Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты;
- «ҚР Прокуратурасының құрметті қызметкері» кеуде белгісі;
- «Қазақстан Республикасы прокуратурасына 10 жыл» естелік кеуде белгісін табыс етіле отырып, бағалы сыйлық;
- «Жылдың үздік оқытушысы» Құрмет дипломы;
- «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалі;
- «Қазақстан полициясына 15 жыл» кеуде белгісі;
- «Қазақстан Республикасының қаржы полициясына 15 жыл» қаржы полициясы органдарының кеуде белгісі;
- «Қаржы полициясының еңбек сіңірген қызметкері» кеуде белгісі.


Табыстар туралы мәліметтер: 2009, 2010 ж.ж.

 

 

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының орынбасары

АУҒАНБАЕВ НҰРЛАН ЖОЛДАСҰЛЫ
 
1970 жылы туылған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірді.
1997 - 1999 жылдар аралығында мемлекеттік тергеу комитетінде, ішкі істер органдарында қызмет өткерді.
2000 жылдан бастап Қаржы (салық) полициясы органдарында қызмет атқарады.
Қаржы полициясы органдарында әртүрлі басшы лауазымдарда қызмет атқарды. Алматы қаласы бойынша Қаржы полициясы департаментінде бөлім бастығы, тергеу басқармасы бастығының орынбасары лауазымдарына тағайындалды.
2004 - 2007 жылдар аралығында Агенттіктің Тергеу департаменті экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеу басқармасы бастығы лауазымында қызмет атқарады.
2007 жылғы қаңтар айынан 2008 жылғы қаңтар айына дейін Қарағанды облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.
2008 жылғы қаңтар айында Қарағанды облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды.
2009 жылғы сәуір айынан бастап Агенттіктің Тергеу департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды.
2011 жылғы тамыз айынан бастап - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының орынбасары.
Қаржы полициясының полковнигі.

Марапаттары:
- II дәрежелі «Айбын» ордені;
- «Үздік қызметі үшін» қаржы полициясы органдарының кеуде белгісі;
- «Қазақстан Республикасының қаржы полициясына 15 жыл» қаржы полициясы органдарының кеуде белгісі.


Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының орынбасары

ЛУКИН АНДРЕЙ ИВАНОВИЧ


1961 жылы туған. Целиноград инженер-құрылыс институтын, Қарағанды Мемлекеттік университетін бітірген, заңгер.
1985 - 1998 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі органдарында қызмет өткерген. Ақмола қаласы Шығыс ішкі істер бөлімінің бастығы, Ақмола қаласы Ішкі істер басқармасының бастығы, Мемлекеттік Тергеу Комитетінің бастығы.
1998 жылғы мамыр – 2003 жылғы шілде аралығында - Астана қаласы Тұрғын үй департаментінің бастығы, 2003 жылғы шілде – қыркүйек аралығында – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Әкімшілік және құқық жұмысы департаментінің директоры, 2003 жылғы қыркүйек – 2005 жылғы сәуір аралығында – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі.
2005 жылғы сәуірден - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының орынбасары.
Қаржы полициясының генерал-майоры.

Марапаттары:
- ІI дәрежелі «Даңқ» ордені;
- «Қазақстан Констиуциясына 10 жыл» мерейтой медалі;
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтой медалі;
- «Астананың 10 жылдығы» мерейтой медалі;
- «Астана» медалі;
- «15 лет МВД РК» (ҚР Ішкі істер министрлігіне 15 жыл) мерейтой медалі;
- «Қазақстан Республикасының қаржы полициясына 15 жыл» қаржы полициясы органдарының кеуде белгiсi;
- Украинаның Мемлекеттік салық әкімшілігінің «За содействие налоговым органам» (Салық органдарына жәрдемдесу үшін) кеуде белгiсi;
- "70 лет службы в БХСС" (Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігі);
- "10 лет безупречной службы" (КСРО Ішкі істер министрлігі).


Табыстар туралы мәліметтер: 2009 ж.

 

 

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының орынбасары

АЙТЖАНОВ ДӘУЛЕТ РЫМТАЙТҰЛЫ

1968 жылы туған. Қарағанды педагогикалық университетін,  ҚР МТК Қарағанды Жоғары мектебін бітірген. 
1993 жылғы шілдеден бастап Құқық қорғау органдарында.
2002 жылғы наурыздан бастап – ҚP Қаржы полициясы агенттігі Қаржылық барлау басқармасы бастығының орынбасары – 1-бөлімінің бастығы.
2002 жылғы cәуірден бастап – ҚР Қаржы полициясы агенттігі Тергеу және алдын ала анықтау департаменті тергеу басқармасының бастығы.
2003 жылғы шілдеден бастап – ҚР Қаржы полициясы агенттігі Бюджеттiк және қаржы-несие саласындағы қылмыстарды тергеу департаментінiң бөлім бастығы.
2005 жылғы тамыздан бастап – Ақмола облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығының орынбасары (тергеу мәселелерін басқаратын).
2007 жылғы тамыздан бастап – Қарағанды облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығының орынбасары (жедел-іздестіру қызметі мәселелерін басқаратын).
2008 жылғы желтоқсаннан бастап – ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу департаментінің басқарма бастығы.
2009 жылғы ақпаннан бастап – Астана қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығының орынбасары.
2009 жылғы тамыздан бастап – ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және оның алдын алу департаментінің бастығы.
2010 жылғы ақпаннан бастап – Астана қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясының) бастығы.
2011 жылғы наурыздан бастап - ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының орынбасары.
Қаржы полициясының полковнигі.

Марапаттары:
- ІI дәрежелі «Айбын» ордені;
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтой медалі;
- «Қазақстан Констиуциясына 10 жыл» мерейтой медалі;
- «Қазақстан Республикасының қаржы полициясына 15 жыл» қаржы полициясы органдарының кеуде белгiсi.


Табыстар туралы мәліметтер: 2010 ж.