Сайт бойынша ескертулер мен тілектерді site@abekp.kz мекен-жайына жолдаңыздар
Сайттың құрметті қонақтары! Әр аптаның сәрсенбі күндері аумақтық бөлімшелерінің басшылары кәсіпкерлермен кездесу өткізеді

RSS-жазылу

Құқықтық база

Қаржы полициясы органдарының қызметі «Қаржы полициясы органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен  және «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
 
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) функциялары, міндеттері, қызметін ұйымдастыруы және оның құрылымы, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдарының және оқу орындарының тізбесі Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 21 сәуiрдегi № 1557 Жарлығымен  бекiтiлген.

Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туының және белгісінің сипаттамасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 1020 Жарлығында  көрсетілген.

Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары антының мәтіні  Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 желтоқсандағы № 978 Жарлығымен бекітілген. 


Әскери қызметшілердi, iшкі істер органдарының, қаржы полициясының, прокуратураның қызметкерлерiн Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттiк органдарына іс-сапарға жiберу тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 826 қаулысымен  регламенттелген.

Әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берілген және Қазақстан Республикасының заңнамасында ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын қызметкерлеріне зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді жүзеге асыру ережесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 ақпандағы № 138 қаулысымен  бекітілген.

Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қызметкері қызметтік міндеттерін немесе қызметтік борышын атқару кезеңінде қаза тапқан (өлген) немесе мертіккен жағдайда және қайтыс болған немесе қаза болған қаржы полициясы органдарының қызметкерлері мен зейнеткерлерін жерлеу үшін біржолғы өтемақы төлеуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қарашадағы № 1260 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, ішкі істер, қаржы полициясы, өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеудің, бір жолғы жәрдемақылар тағайындау мен оны төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 тамыздағы № 803 қаулысына  сәйкес жүзеге асырылады.

Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау ережесі Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2006 жылғы 28 маусымдағы № 108 бұйрығымен бекітілген.

Қаржы полициясының органдары өз міндеттерін жүзеге асыру кезінде келесі бірлескен бұйрықтар негізінде басқа мемлекеттік органдарымен өзара iс-қимыл жасайды:

- «Трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау мәселесі бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушы салық төлеушілерге бірлескен тексерулер жүргізу кезіндегі прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, қаржы полициясы, салық және кеден қызметтері органдарының өзара iс-қимыл жасау ережесiн бекiту туралы»;

- «Алдын ала ойластырылған және жалған банкроттық фактілерді ескерту, анықтау және жолын кесу жөніндегі мемлекеттік органдардың өзара iс-қимылының ережесін бекіту туралы»;

- «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі Қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу комитетінің Қазақстан Республикасының прокуратурасы, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер және қаржы полициясы органдарымен өзара iс-қимыл жасау ережесін
бекіту туралы»;

- «Экономикалық қызмет және республикалық қаражаттардың жұмсалуы саласындағы айқындайтын құқық бұзушылықтар бойынша  өзара іс-қимыл және тексерістердің  материалдарын берілу тәртібін бекіту туралы»;

- «Қазақстан Республикасының салық қызметі мен қаржы полициясы органдарының экономикалық қызмет саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды ашу, олардың алдын алу, жолын кесу бойынша  өзара іс-қимыл тәртібін бекіту туралы».