Сайт бойынша ескертулер мен тілектерді site@abekp.kz мекен-жайына жолдаңыздар
Сайттың құрметті қонақтары! Әр аптаның сәрсенбі күндері аумақтық бөлімшелерінің басшылары кәсіпкерлермен кездесу өткізеді

RSS-жазылу

Тарих

Қазақстан Республикасының қаржы полициясы:
Цифрлар мен фактілер

1994 жылғы 6 маусымда Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қаулысымен Қаржы министрлiгiнiң салық қызметi құрамында Салық милициясы басқармасы құрылды.

1995 жылғы 24 сәуiрде Қазақстан Республикасы Президентінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар Жарлығымен салық полициясы органдарының мәртебесі мен құрылымы одан  әрі құқықтық негіз алды. Осы уақыттан бастап біз - салық полициясы деп аталдық.     
Жарлыққа сәйкес жедел-іздестiру және анықтау жұмысын жүргізумен қатар,  салық полициясы органдарына салықтар төлемеуге қатысты қылмыстар туралы iстер бойынша алдын ала тергеу жүргізу құқығы берілді.

1995 жылғы 24 желтоқсанда салық полициясы органдары қызметiнің қылмыстық iс жүргiзу негiзi алғаш рет реттелді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақ ССР және Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң күші бар Жарлығымен салық полициясы органдары қылмыстық процесте анықтау органдарына жатқызылды. Осы Жарлықпен «Жедел-іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына аталған қызметті жүзеге асыратын органды, атап айтқанда - салық полициясын  нақтылау арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.  
 
1997 жылғы 22 сәуірде «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Жарлығымен құқық қорғау органдарының жүйесін жетілдіру, қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында Қаржы министрлігі Салық полициясы комитетінің Бас басқармасы негізінде Қаржы министрлігінің Салық полициясы департаменті құрылды.

1997 жылғы 8 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен 1995 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 167-бабына «Салық қызметінің мәртебесі мен  құрылымы» деген  жаңа редакция берілді.  
Заңға сәйкес салық қызметі дербес құрылымдық бөлімшелермен: Салық комитетi және Қаржы министрлiгiнiң құрамында аумақтық органдары бар Салық полициясы департаментi болып ұсынылды. Осы құрылымда салық полициясы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу, заңнамада белгіленген шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыру бойынша  арнайы құқық қорғау органы мәртебесіне ие болды.  

1997 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Заңымен салық полициясының ерекше тергеудегі істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу құқығы бар құқық қорғау органдары ретінде салық полициясы мәртебесі регламенттелген жаңа Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі бекітілді.

2001 жылғы 5 қаңтарда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң  2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қойылды.

2001 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің таратылған Салық полициясы комитеті мен Салық полициясы академиясының мүлкі мен істерін басқару функцияларын және өкілеттігін берумен Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі құрылды. Қаржы полициясы агенттігіне қаржылық және экономикалық қызмет саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және жолын кесу міндеттері жүктелген. 

2001 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Салық полициясы академиясы» мемлекеттік мекемесінің атауы «Қаржы полициясы академиясы» мемлекеттiк мекемесі болып өзгертілді.

2002 жылғы 4 шiлдеде «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

2002 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет шығындарын төлеу үшiн ақшалай өтемақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының жедел-іздестіру, тергеу, саптық бөлімшелерінің лауазымдар тізімі бекітілді.

2002 жылғы 2 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары антының мәтiнi бекітілді.

2003 жылғы 8 қаңтарда «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілді, аталған заңда  қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне құқықтары белгіленген. 

2003 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарының туы мен нышаны бекітілді. 

2003 жылғы 1 сәуiрде Қазақстан Республикасы Үкiметінің қаулысымен Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгiнiң штат санының лимитi бекітілді.

2003 жылғы 6 маусымда Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының туы мен нышандарын ресми тапсыру өткізілді.

2003 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» №1255 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігі Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) болып қайта ұйымдастырылды.

2004 жылғы 5 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттігінiң (қаржы полициясы) арнайы мемлекеттік мұрағатын құру туралы» № 1417 Жарлығына қол қойылды.

2005 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігін (қаржы полициясы) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде қайта ұйымдастыру туралы № 1521 Жарлығына қол қойылды.

2005 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгi (қаржы полициясы) туралы» ереже бекітілді.

2005 жылғы 6 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ереженi бекіту туралы» Жарлығына қол қойылды.

2005 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығына қол қойылды.

2007 жылғы 27 мамырда ТМД Үкіметі басшыларының шешімімен Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінiң (қаржы полициясы) Қаржы полициясы академиясына және Ресей ІІМ Экономикалық қауіпсіздік академиясына ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің салықтық (қаржылық) тергеу органдары үшін кадрларды даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыратын базалық ұйым мәртебесі берілді.

2008 жылғы 13 ақпанда «Нұр-Отан» Халықтық Демократиялық Партиясы мен Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

2008 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасының «Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ратификациялау туралы» Заңы қабылданды.

2008 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) мен Қытай Халық Республикасы Бақылау министрлігінің арасында өзара іс-қимыл жасау туралы меморандумға қол қойылды. Бұл меморандум сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күресу бойынша ақпаратпен, тәжірибемен, нормативтік құқықтық актілермен алмасуды көздейді. 

2009 жылғы 16-18 қыркүйекте Астана қаласында әлемнің 45 мемлекеті өкілдерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және тиісті басқару Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуының шарты ретінде» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық конференция өткізілді. Конференцияда «Тиісті басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы астаналық мәлімдеме» мақұлданды, ол барлық деңгейдегі сыбайлас жемқорлықты жою, тиімді санкцияларды қолдану арқылы сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жазалау, шетелдік лауазымдық тұлғаларды сатып алуды қылмыстық қудалау кезінде халықаралық ынтымақтастыққа көмек көрсетуге бағытталған.

2010 жылғы 22-26 наурызда Страсбургте (Франция) Еуропа Кеңесі ГРЕКО-ның 46-пленарлық сессиясы өткізіліп, аталған сессияда алғаш рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қазақстандық тәжірибесінің тұсаукесері жасалды. 

2010 жылғы 27-28 мамырда Алматы қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің салықтық (қаржылық) органдары басшыларының үйлестіру кеңесінің он екінші отырысы өткізілді. 

2010 жылғы 23-25 маусымда Ақмола облысының «Бурабай» Мемлекеттік Ұлттық саябағы аумағында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің халықаралық тетіктері мен құралдары» тақырыбында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы конференция өткізіліп, оған 40-тан астам елдің мемлекеттік ведомстволарының, бизнес ассоциацияларының, үкіметтік емес, академиялық және халықаралық ұйымдарының 100-ге жуық делегаты қатысты.
Конференция тәжірибемен алмасуға және Еуропа Кеңесінің «Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауаптылық туралы», «Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауаптылық туралы» және БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес конвенциясын имплементациялау мәселелерін зерделеуге арналды.

2010 жылғы 17 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қойылды, аталған жарлықпен қаржы полициясы органдарына экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды және сыбайлас жемқорлық қылмыстарды тергеудің дербес құқығы берілді.  

2011 жылғы 6 қаңтарда барлық құқық қорғау органдары үшін қызмет өткерудің бірыңғай құқықтық стандарттары мен нормаларын анықтайтын «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

 2011 жылғы 9-11 наурызда Алматы қаласында әлемнің 57 елінің өкілдері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 20 беделді халықаралық ұйымдардың қатысуымен «Активтерді қайтаруға және халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске күштерді біріктіру» тақырыбында халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес конференциясы өткізілді. Конференция жұмысының нәтижесінде қатысушы-елдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволарының басшылары активтерді қайтаруға және халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске күштерді біріктіру туралы Алматы  коммюникесі қабылданды.

2011 жылғы 30 қыркүйекте  Қазақстан Республикасы Президентінің № 155 Жарлығымен қаржы полициясы органдарының ведомстволық наградалары бекітілді: үш дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдері, «Қаржы полициясының ардагері» медалі, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан  үлесі үшін» медалі, екі дәрежелі «Қаржы полициясының үздігі» төсбелгілері.

2011 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің  № 164 Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы кәсіби және басқа мейрамдардың тізіміне 6 маусым – Қаржы полициясының күні енгізілді.

2011 жылғы 15 желтоқсанда Омаров көшесі, 60 мекенжайында орналасқан Агенттіктің ғимаратында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті. Аталған салтанатты жиналыста Агенттік Төрағасы, оның орынбасарлары, сондай-ақ Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары баяндамалар жасап, сөз сөйледі.  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу шеңберінде қаржы полициясы органдарының 575 үздік қызметкері жұмыстағы қол жеткізген нәтижелері үшін  көтермеленді. Осындай салтанатты жиналыстар аумақтық қаржы полициясы органдарында да өткізілді.