Сайт бойынша ескертулер мен тілектерді site@abekp.kz мекен-жайына жолдаңыздар
Сайттың құрметті қонақтары! Әр аптаның сәрсенбі күндері аумақтық бөлімшелерінің басшылары кәсіпкерлермен кездесу өткізеді

RSS-жазылу

Жаңалықтар

Соңғы кезде республика бойынша сауда және қызмет көрсету орындары мен екінші деңгейдегі банктерде жалған ақша банкноталарын анықтау фактілері көбейіп кетті.

Агенттік және Жамбыл облысы мен Астана қаласы бойынша қаржы полициясы департаменттерінің бірлесіп жүргізіген жедел–іздестіру шаралары нәтижесінде ұзақ уақыт бойы Қазақстан аумағында жалған ақша белгілерін жасау және сатумен айналысқан тұлғалар тобының заңсыз қызметі әшкереленді.
2011 жылғы 2 және 16 қарашада Агенттік қызметкерлері Астана қаласының И. деген азаматшасынан 1,1 млн.теңге және 400 мың теңге сомасында жалған банкноталарды сатып алуды жүзеге асырған.

31.01.2012
Қарасай аудандық ветеринарлық-санитарлық аумақтық инспекциясының бас маманы жүйелі пара алды деген күдікпен ұсталды

2012 жылғы 17 қаңтарда Алматы облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті қызметкерлерімен Мемлекеттік инспекциясы Комитетінің ҚР АШМ агроөндірістік кешені Қарасай аудандық ветеринарлық-санитарлық аумақтық инспекциясының бас маманы Е.Молдағұл мал өнімдерін кедергісіз әкелуге және сатуға ветеринарлық сертификатты беру үшін азаматтардан бопсалау арқылы жүйелі түрде пара алғаны үшін ұсталды.
Оған қатысты пара алудың 21 дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ағымдағы жылғы 20 қаңтарда соттың санкциясымен Молдағұл қамауға  алынды.
Қылмыстық іс тергелуде, басқа ақпарат тергеудің мүддесіне байланысты жарияланбайды.

Алаяқтық жолмен кәсіпкерлердің ақшалай қаражатын иемденіп кеткен жалған полицей сотталды

Алматы қаласы бойынша қаржы полициясы департаментімен құқық қорғау органы қызметкерінің жалған куәлігін қолдана отырып, бірнеше рет кәсіпкерлердің қаражатын ұрлаған Д.Ержановқа қатысты қылмыстық істің тергеуі аяқталды.
2011 жылғы 2 қазанда Алматы қаласы бойынша қаржы полициясы департаментіне 2011 жылдың маусым айынан бастап кәсіпкерлік қызметке тексерулер жүргізбеу үшін ай сайын 2 мың АҚШ доллары көлемінде қаражат алып тұратын «Жандос» атты құқық қорғау органының қызметкеріне қатысты тиісті шаралар қолдану туралы жеке кәсіпкердің арызы келіп түсті. 
2012 жылғы 12 қаңтарда Қызылорда облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында  А. деген азаматтан әкімшілік құқық бұзушылыққа тартпау үшін қорқыту жолымен 50 мын теңге пара алды деген күдікпен Қызылорда облысы бойынша ІІД Жол полициясы басқармасы арнайы взводының аға инспекторы М. Қалданұлы ұсталды

Ағымдағы жылғы 17 қаңтарда аталған қылмысты жасаған деген күдікпен Қызылорда облысы бойынша ІІД Жол полициясы басқармасы арнайы взводының тағы бір қызметкері Т. Мырзабеков ұсталды.
Ағымдағы жылғы 12 қаңтарда М. Қалданұлы және Т. Мырзабековке қатысты қорқытып алу жолымен пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
2012 жылғы 15 қаңтарда Қалданұлы сот санкциясымен қамауға алынды, Мырзабеков үй қамауында.
Қылмыстық іс тергелуде, тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат әзірге таратылмайды.
Баспасөз мәлімдемесі: Қаржы полициясы агенттігінің жаңа Төрағасы бизнесті негізсіз тексеруді және мемлекеттік қызметкерлерді шетінен сыбайлас жемқорлық жасады деп айыптауды тоқтатуды талап етті

Бүгін Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) қызметкерлеріне жаңа Төраға – Түсіпбеков Рашид Төлеутайұлы таныстырылды.
Р. Түсіпбеков, бәрінен бұрын, Қазақстан Республикасының Президентіне артып отырған жоғары сенімі үшін алғысын білдірді және өзінің барлық білімі мен тәжірибесін жүктелген міндеттерді орындауға жұмсайтынын атап өтті.
Жаңалықтар мұрағаты


Жедел ақпарат

25.01.2012
Павлодар облысы бойынша Департаментімен аз.Г. қатысты ҚР ҚК 164-бабының 2-бөлігі (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды, яғни ол діни экстремистік партияның мүшесі бола тұра, діни араздықты тұтандыру мақсатында, аз.К. партияның иделогиясын насихаттайтын ақпараты бар компьютердің жүйелік блогын қылмыстық қызметте пайдалану үшін берген.
25.01.2012
ШҚО бойынша Департаментімен ЖШС директоры аз.Ш. қатысты ҚР ҚК 222-бабының 2-бөлігі (ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару)  бойынша қылмыстық іс қозғалды, яғни ол кірістері мен шығыстары  туралы декларацияға жалған мәлімет енгізу арқылы жалпы 63 865 247 теңге сомада салық төлеуден жалтарған.
25.01.2012
Алматы облысы бойынша Департаментімен ЖШС директоры аз.Ч. қатысты ҚР ҚК 222-бабының 3-бөлігі (ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару) бойынша қылмыстық іс қозғалды, яғни ол декларцияға кірістері туралы көрінеу жалған мәлімет енгізу арқылы жалпы 134 441 227 теңге сомада салық төлеуден жалтарған.
25.01.2012
СҚО бойынша Департаментімен АҚ филиалының экспресс несие беру бөлімінің несие эксперті аз.Л. қатысты ҚР ҚК 220-бабының 1-бөлігі (банктің ақша қаражатын заңсыз пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғалды, яғни ол заңсыз баю мақсатында жалған қарыз алушылардың аттарына қайтарымсыз несие беру үшін банктің жеке қаражатын пайдаланып, азаматтар мен банк филиалына 9 619 500 теңге сомада залал келтірген.
25.01.2012
Атырау облысы бойынша Департаментімен қылмыстық істі тергеу барысында аз.Е., аз.Ш. және басқа да тұлғаларға қатысты ҚР ҚК 206-бабы 2-бөлігінің «а,б» тармақтары (жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату) бойынша қылмыстық істер қозғалды, яғни олар, бірнеше рет алдын ала сөз байласып ҚР ұлттық валютасы түріндегі жалған ақшалай қаражаттарын жасаумен айналысқан, атап айтқанда кейін өткізу үшін 2 дана 2 000 теңгелік жасаған.
Жедел ақпарат мұрағаты