Жаналықтар
08.09.2010толығырақ »
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) (бұдан әрі - Агенттік) мен «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы (бұдан әрі - «Нұр Отан» ХДП) қол қойған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында Агенттік басшылары тұрақты түрде «Нұр Отан» ХДП аймақтық филиалдарында азаматтарды жеке қабылдаулар ұйымдастыруда.
2010 жылғы 3 қыркүйекте «Нұр Отан» ХДП Қостанай облыстық филиалының ғимаратында Агенттік Төрағасының орынбасары С.Б.Әшімбаев, Қостанай облысы бойынша ЭСЖКД бастығы Ж. Сабыржанов және «Нұр Отан» ХДП Қостанай облыстық филиалының Төрағасы С. Бектұрғанов, сондай-ақ «Нұр Отан» ХДП ҚФ жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша Қоғамдық кеңестің Төрағасы С.М. Жалыбинмен бірге азаматтарды жеке қабылдау жүргізілді.
02.09.2010толығырақ »
2010 жылғы 31 тамызда Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) төрағасы қаржы полициясының генерал-майоры Қ.Қожамжаров Қаржы полициясы академиясының жеке құрамына Академия бастығын таныстырды.
14.08.2010толығырақ »
Спорт күні - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ЭСЖҚД (қаржы полициясы)2010 жылғы 14 тамызда Петропавл қаласындағы «Қарасай» стадионында облыс әкімі С. Біләловтың қатысуымен басқармалар мен департаменттердің мемлекеттік қызметшілері арасында Спорт күніне арналған жарыс өтті. Бұл шараға Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясының) командасы белсене қатысты.
04.08.2010толығырақ »
Қарағанды облысы
бойынша ЭСЖҚД ағымдағы жылғы маусымда
екі азаматтың қылмыстық
әрекеттерінің жолы кесіліп, олар жалпы сомасы 1,5 млн. теңге, 5 мың теңгелік ұлттық валютаның жасанды
банкноттарын сату кезінде ұсталдыҚарағанды облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде (қаржы полициясында) тұрақты түрде жалған ақшалар мен бағалы қағаздарды жасау және сату фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс жүргізіліп тұрады.
Мәселен, Департамент қызметкерлері ағымдағы жылғы маусымда жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында екі азаматтың қылмыстық әрекеттерінің жолы кесіліп, олар жалпы сомасы 1,5 млн. (бір миллион бес жүз) теңге, 5 мың (бес мың) теңгелік ұлттық валютаның жасанды банкноттарын сату кезінде ұсталды.
04.08.2010толығырақ »
Қарағанды облысы бойынша ЭСЖҚД магистралдық мұнай құбырын
рұқсатсыз тесу арқылы мұнай өнімдерін ұрлау фактісін анықтадыҚарағанды облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) магистралдық мұнай құбырын рұқсатсыз тесу арқылы мұнай өнімдерін ұрлау фактісін анықтады.
Мәселен, 2010 жылғы маусымда Жезқазған аймағы бойынша Ауданаралық қаржы полициясы басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында, мұнай өнімдері тиелген цистерналары бар 3 жүк автомашинасын және еріп келе жатқан Қызылорда облысы тұрғындарының жүргізуіндегі машинаны ұстады.
Жедел ақпарат
05.09.2010
ОҚО бойынша департаменті ЖШС-нің директоры азамат А-қа қатысты ҚР ҚК-нің 222 бабының 1 бөлігімен (ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару) қылмыстық іс қозғады, яғни ол 2005 - 2008 жылдары салық декларациясына кіріс туралы көпе-көрінеу жалған мәліметтерді енгізу арқылы 70 000 теңге салық төлеуден жалтарған.
05.09.2010
БҚО бойынша департаменті ЖШС басшыларына қатысты ҚР ҚК 222 бабы 2 бөлігі бойынша (ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару) қылмыстық іс қозғады, яғни олар 2008 жылғы салықтық декларацияларға бұрмаланған деректер енгізу арқылы 36 535 488 теңге салық төлеуден жалтарған.
05.09.2010
Астана қаласы бойынша департаменті ЖШС -нің директоры азамат Б-ке, орынбасары азамат Р-қа,. қызметкері азамат П-ға және басқа тұлғаларға қатысты ҚР ҚК 218 бабымен(Бұғалтерлік есеп ережелерін бұзу) қылмыстық іс қозғады, яғни олар өздерінің іс әрекетерімен тұрғын үй құрылысына қатысушы үлескерлердің қаражатының барлығы 949 480 122 тенгенің жымқырылуына себеп болған.
05.09.2010
Астана қаласы бойынша департаменті Астана қаласының Салық басқармасының жеке кәсіпкерлерді қабылдау бөлімінің маманы азамат К-тың үстінен ҚР ҚК 311 бабы 1 бөлігімен (пара алу) қылмыстық іс қозғады, яғни ол азамат Ч-ды әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 10 000 тенге пара алған.
05.09.2010
Астана қаласы бойынша департаменті Астана қаласының соттар әкімшісінің лауазымды қызметкері азамат Ж-тың үстінен ҚР ҚК 311 бабы 4 бөлігі «а» тармағы бойынша (пара алу) қылмыстық іс қозғады, яғни ол азамат С-аң жылжитын және жылжымайтын мүлігін тұтқындауды алу үшін 17 000 тенге пара алған.












